Непалдық ірі бизнесмен Шымкенттегі Happy land отбасылық ойын-сауық кешенінің құрылысына инвестиция құймақ. Chaudhary group халықаралық холдингінің негізін қалаушы доктор Бинод Чаудхари Шымкентте Happy land отбасылық ойын-сауық кешеніне инвестиция салуға дайын.
ХХІІ Астана экономикалық форумында непалдық компания, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин, «Shymkent “ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы Рашид Аюпов пен «Kazakh invest» АҚ арасында ынтымақтастық туралы төрт жақты меморандумға қол қойылды. Инвестиция көлемі 60 млн долларды құрайды.
«Happyland» – аквапарк, SPA & Resort қонақ үйі, аттракциондар паркі, жабық ойын-сауық орталығы, табиғат паркі және гольф-клуб секілді алты сегменттен тұратын ең ірі заманауи, отбасылық ойын-сауық кластері саналады.
Жобаның жалпы құны 20 млрд теңгеден асады.