Қолайсыз отбасылар бақылауда
Пятница, 26 Апрель 2024 06:14Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды. Заң тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жазаны күшейтпек. Енді отбасындағы ұрып-соғу жағдайлары Қылмыстық Кодекспен қаралады. Құжатқа сәйкес, денсаулыққа қасақана, ауыр не орташа зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды. Суицидке итермелегендер үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізілді.
16 жасқа толмағандарға зорлық-зомбылық көрсеткендерге де бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Кітап оқу – озық ойлы ұлт болу
Пятница, 26 Апрель 2024 06:13Шымкентте Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханада 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Кітап оқу – озық ойлы ұлт болу» тақырыбында әдеби кеш өтті. Іс-шараға түрлі салада қызмет ететін кітапсүйер қауым жиналды.
Денсаулықты жасыңнан сақта, студент!
Пятница, 26 Апрель 2024 06:12Шымкентте студенттер тегін профилактикалық тексеруден өтуде. Студенттік емхана мамандары «Денсаулығыңды бағала» акциясы аясында қаладағы орта және жоғарғы оқу орындарының студенттерін дәрігерлік тексеруден өткізіп, қажет болған жағдайда ем-шаралар тағайындауда. Бұл үрдіс аурудың алуға, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге жол ашады дейді мамандар.
«НАР ТӘУЕКЕЛ» ӨМІРДІ ӨЗГЕРТУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
Пятница, 26 Апрель 2024 06:1123 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай кәсіпкер, жазушы Данияр Беркімбаевтың «Нар тәуекел» кітабының таныстырылымы өтті.
Мәдени іс-шара «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ғимаратында орналасқан кітапханада өтті. Кітаптың таныстырылымына мектеп оқушылары, колледж студенттері, кітапсүйер қауым қатысты.
ӘДЕБИ АВТОБУС ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Пятница, 26 Апрель 2024 06:09Жыл сайын 23 сәуірде әлемнің 100-ден астам елінде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні атап өтіледі. Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы осы айтулы күнге орай әдеби автобус ұйымдастырды. Мұндағы мақсат – Президентіміздің Ұлттық құрылтайдың 3-ші отырысында көтерген кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыру керек деген өзекті ойына үн қосу.
Антына адал ақ халатты - абзал жан
Четверг, 25 Апрель 2024 07:05Жоғарғы санатты дәрігер инфекционист Имангалеева Эльвира Қанатқалиқызы 2006 жылдан Шымкент қаласындағы ЖИТС орталығында балалар инфекционисі қызметін атқарып келеді. Дәрігерге АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің профилактикасын жүргізу міндеті жүктелген.
АҚСАҚАЛДАР ТАЛ ЕКТІ, тұрғындар да атсалысса...
Среда, 24 Апрель 2024 06:52Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық сенбіліктер өткізу жөніндегі тапсырмасы байтақ елімізде кеңінен қолдау табуда. «Көктем Оңтүстіктен басталады» деген қанатты сөз бар. Биылғы ауа райының қарлы-жаңбырлы болуына байланысты көктем өңірімізге кешігіп келді. Шырайлы Шымқаламызды шын мәніндегі жасыл қалаға айналдыру жөнінде көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары алаңдардан бастап аулаларға дейін атқарылып жатыр.
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Среда, 24 Апрель 2024 06:51Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен арнайы жиында өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.