ОН АЙДАҒЫ ОҢДЫ ІСТЕР
Пятница, 02 Декабрь 2022 06:07Бүгінде Шымкент қаласының экономикасы айтарлықтай дамып келеді. Әсіресе, өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік, сауда және құрылыс салаларында тұрақты өсіп жатыр.
Шымкент қалалық мәслихатының кезекті жиырма екінші сессиясында 2022 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы депутаттарға есеп берген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.
Тынысы кеңейген Шымкент
Пятница, 25 Ноябрь 2022 04:01Қаладағы экологиялық мәселелер оң шешімін табуда
Биылғы қараша айында жер шары тұрғындарының саны 8 миллиард адамға жеткені жөніндегі хабар шартарапқа жайылды. Адамзаттың жылдам көбеюі экологиялық проблемалардың өзектілігін арттыра түсері анық.
Халықтың тұтынушылық қажеттіліктерінің артуынан, соған сәйкес техника мен өнеркәсіптің дамуынан туындап жатқан мұндай қиындықтар Қазақстанды да айналып өтпесі анық. Сол себепті өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ел Үкіметі «Жасыл Қазақстан» атты ұлттық жобаны әзірлеп, бекіткен болатын.
САЙЛАУ БИЛІК ПЕН БҰҚАРАНЫҢ БІРЛІГІН КӨРСЕТТІ
Среда, 23 Ноябрь 2022 04:24ҚР Орталық сайлау комиссиясы отырысында 20 қараша күні өткен кезектен тыс Президент сайлауының түпкілікті қорытындысы жарияланды. ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің
дерегінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе сайлаушылардың 81,31 пайызы дауыс берген. «Бәріне қарсымын» бағанын 460 484 немесе 5,8 пайыз сайлаушы таңдаған.
12 БАЗАР ТАЛАПҚА САЙ ЖАҢҒЫРДЫ
Среда, 23 Ноябрь 2022 04:23Шымкент қаласындағы 12 базарда қайта құру және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталған. Тағы 7 базарда осындай жұмыстар жалғасып жатыр.
Елді ер теңестіреді
Пятница, 18 Ноябрь 2022 05:08Осы аптаның жексенбісінде, яғни, 20 қараша күні елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтетіні белгілі. Бұл, ешқандай әсірелеусіз-ақ айтқанда, шын мәніндегі маңызы зор тарихи оқиға. Себебі, біз осы жолы Мемлекет басшысын жеті жылдық мерзімге сайлап жатқанымызбен, Қазақстанның осы ғасырда қандай ел болатыны халықтың осы жолғы таңдауына байланысты болмақ.
«ПРОКУРАТУРА ТУРАЛЫ» КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢНЫҢ ҚАБЫЛДАНУЫ – ЕЛІМІЗДЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ ОРНАУЫНЫҢ КЕПІЛІ
Пятница, 18 Ноябрь 2022 05:04Биыл 17 қарашадан бастап «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы күшіне енді. Оған 2022 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған болатын.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
Среда, 16 Ноябрь 2022 04:44Шымкент қаласындағы «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде «Шымкент» халықаралық сауда орталығының таныстырылымы өтті. Айтулы шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, сөз сөйледі.
18-ШІ САУДА НҮКТЕСІ: БАҒА ТҰРАҚТЫ
Пятница, 11 Ноябрь 2022 05:09Тұран шағынауданында «GraMad» сауда желісінің кезекті супермаркеті ашылды. Бұл – аталған компанияның қаладағы 18-ші сауда нүктесі.