ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫ МАМЫРДА БЕКІТІЛЕДІ
Среда, 19 Апрель 2023 04:27Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрбол Жүнісбековтің қатысуымен брифинг өтті. Онда басқарманың 2023 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыстары туралы айтылды.
Нұржан ҚАРАКӨЗОВ, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, капитан: ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – ОРТАҚ МАҚСАТЫМЫЗ
Среда, 19 Апрель 2023 04:20–Түркияда орын алған жер сілкінісінен кейін көпшілікті Шымкент қаласының зілзалаға дайындығы қалай деген сұрақ мазалайды...
–Шымкент қаласы 7-8 баллдық жер сілкінісі болуы ықтимал сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Сондықтан Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті табиғи апатқа дайындықты пысықтау үшін тиісті шараларды жүйелі түрде атқарып келеді. Атап айтқанда, өткен жылдың желтоқсан айында 2023 жылы атқарылатын іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілген. Бұл жоспарды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов бекіткен. Осы жоспарда қаладағы барлық ұйымдар мен мекемелер санаттары бойынша есепке алынып, онда сейсможаттығулар өткізудің кестесі көрсетілген. Бұл жаттығуларда азаматтардың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттері, қауіпсіз аймаққа қалай шығу керектігі, төтенше жағдай кезіндегі әр ұйымда жедел түрде құрылатын құрылымдардың іс-әрекет жоспары пысықталады.
«Бозарық» пен «Жұлдыз» республикалық индустриалды аймаққа айналады
Пятница, 14 Апрель 2023 07:30ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында индустриялық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөнінде шаралар қабылдау туралы нақты тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысы «Үкіметке индустрия және жер қойнауын игеру салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыруды тапсырамын. ...жалпы, инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі» деп атап өткен болатын.
Осыған орай Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бағытында бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, «Жұлдыз» индустриалды аймағы қосымша 155 гектарға, ал, Шымкент сауда-логистикалық орталығының аумағы 136 гектарға кеңейтілген. Сонымен қатар қазір Шымкентте тамақ өнеркәсібіне бағытталған «Бозарық» индустриалды аймағының құрылысы жүргізілуде.
Шымкент қаласы әкімдігі «Бозарық» және «Жұлдыз» индустриалды аймақтарының тұжырымдамасы мен қоршаған ортаға әсерін бағалау құжаттарын әзірледі. Бұл индустриалды аймақтардың инфрақұрылым құрылысына республикалық бюджеттен тікелей қаржы тарту және осы аймақтарға «республикалық индустриалды аймақ» мәртебесін беруге жол ашады.
Айта кетейік, Шымкент қаласының өндірістік қуаты негізінен 5 өнеркәсіптік аймақта шоғырланған. Бұл аймақтарда жалпы 230-ға жуық инвестициялық жоба жүзеге асуда. Қазірдің өзінде 14 мыңдай тұрақты жұмыс орны құрылған. Қалаға келіп, жаңа кәсіпорындар ашуға ниетті инвесторлардың көп болуына байланысты, жоғарыда айтқанымыздай, «Жұлдыз», «Бозарық» және «Стандарт» атты жаңа индустриалды аймақтар құру бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Одан бөлек, Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталығын Қазақстанның бүкіл оңтүстік өңірінің логистикалық хабына айналдыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жалпы, Шымкент қаласының әкімдігі алдағы бесжылдықта қала экономикасына 6 триллион теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр.
Айдар САЙЛАУҰЛЫ
«ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ» САЯСАТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Среда, 12 Апрель 2023 05:00Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» деген жаңа тариф саясатына көшу керегін айтқан болатын. Президент ұсынған жаңа саясатқа сәйкес қайсы монополист инфрақұрылым желілерін жаңартуға инвестиция салса, мемлекет сол компанияға коммуналдық тарифтерді өсіруге рұқсат береді.
«КІСІДЕГІНІҢ КІЛТІ АСПАНДА»
Пятница, 07 Апрель 2023 03:44немесе алдағы бесжылдықта импортты алмастыруға басымдық беріледі
Сегізінші шақырылған Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдағы бесжылдықтағы дамуының негізгі бағыт-бағдарын айқындап, Парламент пен Үкіметтің және өңірлердегі жергілікті биліктің алдына нақты міндеттер қойды. Өткен 2 жыл бойына еліміздің саяси жаңғыруына басымдық берілгенін айтқан Қасым-Жомарт Кемелұлы енді экономикадағы қордаланған мәселелерді шешетін уақыт жеткенін атап өтті.
Бизнес идея – кәсіпке жол
Пятница, 31 Март 2023 05:08Шымкентте мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, жаңа бизнес идеяларды іске асырған кәсіпкерлердің қатысуымен көрме өтті. Онда 400 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі грантқа ие болып, кәсібін бастаған 150-ден астам шымкенттік азамат өз өнімдерін келушілердің назарына ұсынды.
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ШЫМКЕНТТІҢ ОРНЫҚТЫ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Среда, 29 Март 2023 04:43Жақында Шымкентте жылыту маусымы аяқталды. Биыл қыс қаһарына мініп, сары аяз жұртты әбігерге салғанымен, үшінші мегаполисте жылыту маусымы оқыс оқиғалар мен елеулі апаттарсыз тыныш өтті. Алайда, Екібастұздағы жылу электр станциясындағы апат пен Өзбекстан астанасы Ташкент қаласындағы жағдайлар ірі қалалар үшін энергетикалық қауіпсіздік мәселесінің қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет көрсетіп берді.
ҚҰРЫЛЫС 70 ПАЙЫЗҒА АЯҚТАЛДЫ
Пятница, 24 Март 2023 04:48Шаһарда Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында салынып жатқан үш деңгейлі жолайрық құрылысында жұмыстың 70 пайызы атқарылған. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арнап өткізілген баспасөз туры барысында Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұхтар Қоқанбаев мәлімдеді.