Суға түсу ережелерiн сақтаңыздар!

Среда, 25 Май 2016 05:51 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 8547 раз

Оңтүстік өңірінде күн ерте жылынуына байланысты шомылу маусымы да ерте басталады. Осыған орай, Төтенше жағдайлар басқармасы қала тұрғындарына суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Мамандардың мәлімдеуінше, облыста 41 су қоймасы бар. Шардара, Бөген су қоймалары және Шымкенттегі Бадам, Қошқарата өзендерінде құтқару стансалары мен құтқару бекеттері жұмыс атқарады. Осы аталған су айдындарында суға түсетін арнайы орындар белгіленген. 
Өкініштісі сол, ата-аналардың балаларды қараусыз қалдырудың, алкогольді ішімдік ішіп суға түсудің, жүзу құралдарын пайдалануда қауіпсіздікті сақтамаудың соңы қайғылы жағдайға ұласып жатады. Сондықтан шомылу кезінде қауіп-қатердің алдын алу үшін ең алдымен ата-ана балаларын қараусыз қалдырмауы керек. Бұдан бөлек, өзен-көлдердің маңында шомылуға тыйым салынған белгілер болса, шомылмаған абзал. Сондай-ақ, құтқарушысы жоқ, терең, иірімі бар өзен-көлдерге түспеңіздер!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.