ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ
Среда, 28 Август 2024 04:56Осыдан 29 жыл бұрын, яғни, 1995 жылдың 30 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау жөнінде республикалық референдум өткізіліп, онда Қазақстан халқы Ата Заңның қабылдануын жақтап дауыс берді. Содан беріде Конституция күні – халқымыз үшін айрықша қастерлі мерекеге айналды.
ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРҒА – ЖАЙЛЫ, БАЛАЛАРҒА – ҚАУІПСІЗ, ҚОНАҚТАРҒА – ЫҢҒАЙЛЫ ҚАЛА БОЛУЫ ТИІС
Среда, 28 Август 2024 04:49Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков шаһарда атқарылып жатқан жұмыстар мен оның нәтижелері жайлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы үнемі ашық жазып, тұрғындарды хабардар етіп отырады. Себебі, халық шаһардағы өзгерістер мен қолға алынған бастамаларды білуі керек. Бұл жолы Ғабит Әбдімәжитұлы Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
Бірлік – басты байлығымыз
Пятница, 23 Август 2024 06:11Қазақстан халқының басты байлығы – бірлік. Еліміз бүгінге дейін қандай жетістіктерге жетсе де, қандай биіктерді бағындырса да, соның барлығының негізінде халықтың ынтымақ-бірлігі жатыр. Осынау қасиетті құндылықты сақтай білсек қана байырғы қазақ жерінде тарихи тағдыр тоғыстырған жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері жарасымды өмір сүріп, жарқын болашаққа қарай қадам баса аламыз.
Аналар – елдегі ынтымақтың ұйытқысы
Среда, 21 Август 2024 05:46Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Ел анасы» тақырыбында семинар-тренингі өтті. Семинарға 50-ден астам аналар қатысты. Мұндағы мақсат – аналардың еліміздің дамуына қосқан үлесі мен олардың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі жеткен жетістігін көпшілікке таныту.
«ХАЛЫҚ СЫНЫ – ҚАТЕСІЗ»
Среда, 14 Август 2024 06:15немесе
қала әкімі Шымкент халқының игілігі үшін жұмыс істеуге уәде берді
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Қазақстан мен әділетті қоғамды құруға бағытталған саясатына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр.
Әділеттілік – баршаға ортақ құндылық
Пятница, 02 Август 2024 06:32ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде «Шын мәнінде, біз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі. Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады» деген болатын.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ БЕЙБІТ АТОММЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫ
Пятница, 02 Август 2024 06:24Өткен жылы 1 қыркүйектегі Жолдауында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу мәселесін жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынған болатын. Ал, биыл жыл басында «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында АЭС салу мәселесіне байланысты кесімді пікірін айтты.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БУМ
Пятница, 19 Июль 2024 07:15немесе Шымкент елдегі ірі өнеркәсіптік орталыққа айналып келеді
Өткен аптада Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қытайлық «Guyi Holding Company» компаниясының өкілдерімен үш меморандумға қол қойды. Соның бірі – Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында электромобиль шығаратын зауыт салу жөніндегі келісім. Жоба ойдағыдай жүзеге асып жатса, бұл тек Шымкент қаласы үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін елеулі жаңалық болары анық.