Кәсіпкерлердің бизнес-омбудсменнен күтері көп

Пятница, 12 Август 2016 10:31 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 7548 раз
jjjjaaaa87Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда бизнес-омбудсменге зор үміт артылып отыр. ОҚО бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл болып Ғазизбек Натбаев тағайындалғаны белгілі. Шілде айында қызметіне кіріскен ол Кәсіпкерлер палатасында БАҚ өкілдеріне өзінің қызметі мен өкілеттілігі туралы баяндады.
 
Жыл басынан бері «Кәсіпкерлік Кодексі» қолданысқа енгізілген еді. Кодекстің 28 тарауында бизнес-омбудсменнің құқықтық мәртебесі де нақты көрсетілген. ОҚО кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары қызметін қоса атқаратын Ғ. Натбаев алдағы жоспарларымен бөлісті. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге жүктелген негізгі міндет – кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың орындалуын бақылау, осы саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру. Бұдан бөлек, бизнес-омбудсменде лауазымды тұлғалардың  шешімдерін тоқтату және бизнес-қауымдастық атынан талап арыз беру құқығы бар.
 
– Бизнес-омбдусмен – еліміз үшін жаңа институт. Өңірлердегі уәкілге кез келген кәсіпкер арыздана алады. Шілде айынан бері бізге 13 өтініш түсті. Қазір осы мәселелердің шешу жолын қарастырып жатырмыз. Оның нәтижелері БАҚ-та жарияланады, – деді  Ғазизбек Иманбекұлы.
 
Оның айтуынша, мұндай тәжірибе қазір АҚШ, Ұлыбритания, Ресей елдерінде жұмыс істейді. Уәкіл қызметке Елбасының бұйрығымен тағайындалады және Президентке ғана есеп береді. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының өкімімен 19 ақпанда Болат Палымбетов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл болып тағайындалған болатын.
 
Последнее изменение Пятница, 12 Август 2016 10:47
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.