Тапсырмалар жоспарға сай орындалуда

Среда, 13 Август 2014 04:26 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3839 раз

Мемлекет басшысының “Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” атты тұжырымдамасынан туындаған міндеттерді іске асыру бойынша Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бірқатар шараларды қолға алған болатын.

Мысалы, Елбасы тұжырымдамасында өзін-өзі еңбекпен қамтығандар тобындағы еңбекке қабілетті халықты нақты жағдайларды және жұмыспен қамту саласының перспективасын ескере отырып, жұмыспен қамтуға қарай ойысудың әдістемесін әзірлеу қажеттігі айтылды.
Бұл орайда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар тобындағы еңбекке қабілетті халықтың саны анықталып, оларды жұмыспен қамту және формальды секторға өткізу бойынша  2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жасалып, жүзеге асырылуда. Аталған   тапсырманы   орындау   барысында комиссия мүшелері аудан, қала әкімдіктері мен салық органдары қызметкерлері бірлесе  елдімекендерді ішінара аралады. Нәтижесінде есептеу жолымен  қаладағы өздігінше жұмыспен қамтылғандар саны бүгінгі таңда – орташа есеппен 89950 адам болғандығы анықталды.
Өткен жылы атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша қала аумағында 32 247 адам формальды секторға ауыстырылды. Ал 2014  жылдың жоспары бойынша 14089 адам болатын болса, бірінші жартыжылдықта   7186  адам формальді секторға өткізіліп,  жылдық жоспар  51 пайызға орындалды. Бұл бағыттағы жұмыстар бекітілген іс-шаралар бойынша жалғасуда. Сондай-ақ, жұмыспен қамту орталығының  әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруда жұмыс берушілерімен шарт жасағанда, негізгі бағыт мекемеде қалыптасқан жалақының 35 пайызын, яғни Бағдарламаға қатысушылардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып, бекітілген жалақы мөлшерінің 35%-ын құрайды.
Бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстардың қорытындысы негізінде  1264 азамат «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 93 мекемеге  әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

Б. ҚУАНЫШБЕКОВ,

Шымкент қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарлама бөлімі

басшысының орынбасары.   

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Бәрiмiз бiрдеймiз... Бұрындық хан »