Кім қанша жарна төлейді?

Пятница, 08 Июль 2022 08:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2056 раз

МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдардың қызметтер пакетіне тең қолжетімділігіне негізделген. Яғни, мүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азамат қажетіне қарай МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде ем алады. Медициналық қызметтердің көлемі мен құны шектелмейді. Бұл жөнінде КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазіргі уақытта медициналық қызмет екі пакет бойынша көрсетіледі: тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде. Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді ыңғайлы тәсілмен тексеруге болады. Атап айтқанда, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайты, egov.kz электронды үкімет порталы, тelegram-дағы Saqtandyru-bot және Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.

Егер сіз МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болсаңыз, жарна төлеуші санатына қарай МӘМС үшін ай сайын төленетін жарна мөлшерін анықтап алыңыз. Азаматтардың 15 жеңілдігі бар санаты үшін жарнаны мемлекет төлейді. Жалдамалы жұмыскер – жұмыс беруші бухгалтериясы жалақының 2%-ы және жалақы қорынан 2% мөлшерінде төлем жасайды. Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығы иелері, жеке практикамен айналысатын тұлғалар – 1,4 ең төменгі жалақының 5%-ы мөлшерінде (ЕТЖ 2021 жылы да 42 500 теңгені құрайды, сондықтан төлем мөлшері бұрынғыдай – 2975 теңге). Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер – 1 АЕК (01.01.2021 ж. 2917 теңге) республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін; басқа елді мекендер үшін – 0,5 АЕК (01.01.2021 ж. 1458,5 теңге). Дербес төлеушілер – 1 ЕТЖ-ның 5%-ы, азаматтық-құқықтық негізде шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалар – табысының 2%-ы мөлшерінде төлейді.

Динара Сыдықова,
Қалалық «№2 Оңалту орталығы»
МКК-нің педагог тәрбиешісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.