Балалар өміріндегі зорлық – зомбылықтың алдын алу

Пятница, 02 Июнь 2023 10:05 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1877 раз

Қазіргі кезде бүкіл әлемде ата-аналардың және де өзге ересектердің балаларға зорлық-зомбылық және қатігездік көрсету, оларды ауызша агрессияға тартуы, кәмелетке толмағандарға жыныстық, эмоционалды және физиологиялық зорлық-зомбылық көрсетулері проблемаға айналып отыр.

Әрбір бала үшін ең қауіпсіз орын – оның үйі, отбасы. Өйткені бала көңілі осы жерде мені жақсы көретін, маған қамқор болатын, қорғайтын адамдар тұрады деп ойлайды. Өкінішке орай, балалар өз үйінде қамқорлықты сезе алмай, керісінше жәбір көріп, соққының құрбанына айналып жататын жайттар жиі кездеседі.

Қазақстанда бұл жағдай ауыр, өйткені балалар мен жастар тәрбиесі үнемі реформалау талаптарымен жүзеге асып отыр, яғни білім беру мекемелерінің ,бұқаралық ақпарат құралдарының, жастар және балалар қоғамдық бірлестіктерінің қызметтері және жас буынның барлық әлеуметтік өмірі өзгеріп отырады. Балалар мен жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан және қатігездіктен қорғау, оларға қатысты қылмыстың алдын алу шешімі тәртіп аралық сипатты иеленетін маңызды, әлеуметтік мәні бар және өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Жәбірлеудің негізгі үш түрін атап көрсетуге болады:

1.Физикалық жәбірлеу – баланың тәніне денсаулығына зиян тигізетін, дамуын тежейтін немесе өлімге душар ететін түрлі жарақаттар салу, зақым келтіру. Физикалық жәбірелеуге ұрып-соғу, азаптау, миын шайқау, шапалақпен ұру, шымшу, желкеден қойып қалу, түртпектеу, соққы жасау жатады.

2.Психологиялық (эмоционалды) жәбірлеу – үнемі немесе кей кездері балаға сөзбен немесе сөзсіз (яғни, сөзбен болмаса басқа әдістер арқылы білдіру) жәбір көрсету, ата-ананың қорқытып-үркітуі, кемсітуі, жақсы көрмейтінін не жақтырмайтынын білдіруі. Мұның салдарынан бала ересек адамға немесе өзіне деген сенімінен айырылады.

3.Сексуальдық жәбірлеу – Екінші жақтың келісімінсіз жасалған жыныстық қатынас немесе жыныстық қатынас жасамаса да, екінші жаққа еркінен тыс сексуалдық сипат алатын әрекеттер жасау .  

Зорлық-зомбылықты алдын-алу үшін құқық қорғау, қамқоршылық және қорғаншылық қызметкерлері ,әлеуметтік және психолог мамандарын жұмылдыру тиіс. Қазіргі таңда мектепте, емханада әлеуметтік қызметкерлер мен психолог мамандары және әр аймақтың учаскелік полиция қызметкерлері жұмыс жасауда.

Зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеуге болады?

Ең алдымен балалардың заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін білу қажет. Әрбір бала полицияға арыздана алады. Заң бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау істеті арыз бермей-ақ қозғалады. Егер қандайда бір себептермен кәмелетке толмаған баланың полицияға баруға мүмкіндігі болмаса анасына, достарына, мұғалімдерге оқиға туралы айтуы қажет немесе сенім телефоны «150 CaLL - центріне»  және 111, 8-7252-45-03-03 қоңырау шалуға болады.

Бектеміс Бұлбұл Жамбылқызы,
№6 қалалық емхана әлеуметтік қызмекер

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.