Президенттің бес әлеуметтік бастамасы: Нақты тапсырмалар берілді Избранное

Среда, 23 Январь 2019 05:04 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2454 раз

Үкімет отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру мәселесін қарау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.

PREMIER

Үкімет басшысы Президенттің бес әлеуметтік бастамасы Мемлекет басшысының ауқымды бағдарламасы, оның әр адамның өміріне әсері бар екенін атап өтті. Сондықтан әрбір бастаманы сапалы жүзеге асыру қажет.
Бірінші бастама – баспанамен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырылып, Ұлттық банктің ұсыныстары қарастырылады. «7–20–25» бағдарламасының қазіргі кедергілері жойылып, іске асыру барысын жеделдетілмек. Салық жүктемесін азайтуға қатысты екінші бастама орындалды.

Ал үшінші бастама қосымша білім гранттарын беру тұрғысынан орындалды. Енді Білім және ғылым министрінің деректеріне сәйкес, биыл алғашқы жатақханалар салынады. Премьер-Министр биыл жоспарланған 5 мың орынды пайдалануға беру қажет екенін айтты.
Елбасының төртінші бастамасына қатысты, шағын несиелер бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу қажеттігі аталып өтті. Ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері тарапынан үйлестіру жұмыстарын күшейту тапсырылды. Бұдан өзге, өңірлерде берілген шағын несиелердің игерілуін қамтамасыз ету мақсатында себептерін талдап, кедергілерді жою тапсырылды.

Бесінші бағытты орындау тұрғысынан «Сарыарқа» газ құбырын уақытылы салып, іске қосуды қамтамасыз ету қажет. Энергетика министрі Қ. Бозымбаевқа бұл мәселені ерекше бақылауда ұстау тапсырылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.