Сатушының назарына!

Вторник, 25 Июнь 2024 06:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 123 раз

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сатушы тауардың құнын сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарына қойылатын баға белгісімен ресімделген теңгемен көрсетуге міндетті.

 

 

           Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 9 бабына сәйкес Тауар бағасы Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт жағдайларында оны өткізу кезінде теңгемен көрсетіледі.

         Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығының «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» 1 – параграф, 19 тармағына сәйкес Сатушы сатылатын тауарларда тауардың атауын, оның сортын, тауардың салмағы немесе бірлігі үшін бағасын көрсете отырып, айқын ресімделген баға көрсеткіштерінің болуын қамтамасыз етеді.

         Осыған орай, кез келген сауда нысаныңдағы өнімдерде бағасы көрсетілу қажет!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.