ШАМДАРДЫҢ ШЕЖІРЕСІМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

Среда, 12 Июнь 2024 06:27 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 385 раз

«Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Өшпесін шырақ мәнгілік...» тақырыбында көрме ашылды. Көрмеге 30-дан астам шам түрі қойылған.

 

Шамдар орта ғасырлардан бастап, ХХ ғасырдың ортасы шеніне дейін тұрғын үйлерде, көше жарықтандыруда, теміржол станцияларында, кеніштерде сигналдық-жарықтандыру мақсатында пайдаланылған.
Шамдардың ең көнесі VIII-X ғасырларға тән. Ол Түркістан ауданының Қаратөбе (Ежелгі Сауран) қалашығында археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған. Ал, жарық беру аспаптары коллекциясындағы экспонаттың бірегейі – Шымкент қаласының бірінші Никольская (қазіргі Қазыбек би) көшесін жарықтандырған көше шамы. Бұл керосинмен тұтанатын шам қала көшесінде 1880 жылы пайда болды.
Коллекцияда керосин шамдардың өзге де түрлері көп. XIX ғасырға тән бұл шамдардың аспалы және үстел үстіне қойылатын түрін кездесітре аласыз.
Жарықтандырудың бірегей құралдарының бірі – XIX-XX ғғ. қолданылған күймеге (каретаға) арналған шам. Ол әдетте кареталардың әлде дилижанстардың алдыңғы екі жағына орнатылған екен. Мұндай шамдардың көмегімен кареттердің өлшемдері де белгіленген, олар сол кездегі тар, жарықтандырылмаған жолдарда маңызды зор болды.
Германияда ХІХ ғасырдың соңында шығарыла бастаған желге төзімді керосин шамдары кең таралды. Олар, алғашқы патент алған неміс фирмасының атымен «Летучая мышь» (жарғанат-«Fledermaus») аталды. Бұл шамдардың ерекшелігі, олар желге төзімді болып келген, сонымен қатар, конструкциясы тасымалдау және асу үшін ыңғайлы жабдықталған.
Жинақта арнайы мақсаттағы шамдар бар. Бұл кенөндірушілерге арналған шам – «Шахтер шамы». Бұл шамдардың сериялық өндірісі 1935 жылдан бастау алған. ХХ ғасырдың 60-жылдарына дейін қолданылған, олар Харьков қаласындағы «Шахтер жарығы» зауытында басталған. Кеніштерді жарықтандырудың тікелей мақсатынан басқа, бұл шамдар тау-кен қазбаларындағы газ деңгейін өлшеу үшін де қызмет етті.
1950-60 жылдары жасалған теміржол қол шамдарының тарихы Түркістан-Сібір темір жолының салынуымен байланысты. Бұл құрылғылар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Шамдар жолдың бос екеніндігі жөнінде белгі беріп отырған.
«Шым қала» тарихи-мәдени кешеніне келіңіздер, көрмені тамашалаңыздар!

«Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің әкімшілігі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.