БЖЗҚ салымшыларының 2024 жылдың алғашқы 3 айындағы таза инвестициялық кірісі шамамен 569,5 млрд теңге болды

Среда, 22 Май 2024 06:25 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 192 раз

БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс ағымдағы жылдың басынан бастап 1 сәуірдегі жағдай бойынша шамамен 569,5 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 233,1 млрд теңгеге немесе 69,3% артық.

 

 

БЖЗҚ-ның міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінен түсіп, салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілік 2024 жылдың 3 айында 3,15% көрсетті. 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптасқан БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі - 1,37%.

Инвестициялық кіріс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. тұрады. ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялық кіріс алу мақсатында экономиканың Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі түрлі секторларының әртүрлі қаржы құралдарына әртүрлі валюталарда орналастырады. Әртараптандыру орнықты инвестициялық кірістілікті қамтамасыз етеді.  

МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптасқан және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша валюталар бөлінісінде 33,16% - АҚШ долларында номиналданған қаржы құралдарынан тұрса, 66,81% - ұлттық валютада берілген. ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарын ғана қамтиды.

1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2024 жылғы 1 сәуірдегі инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен бүкіл кезеңдегі инфляция 776,5% болған кезде 845,3% көрсетті. Осылайша, ұзақ мерзімді ішінде жинақталған инвестициялық кіріс инфляциядан асып түсті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік бар. Төлемдер құқығы басталған кезде салымшының жинақталған кірістілігіне әсер еткен жекелеген кезеңде кірістіліктің төмендеуі кезінде де айырмашылықты өтеуге мемлекет кепілдік береді.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

Көптеген маңызды және пайдалы ақпаратты, соның ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі сарапшыларының зейнетақы активтерін инвестициялау туралы сұхбаттарын - БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан көруге болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.