ШЫМКЕНТ АРУЫ- 2024: БАЙҚАУҒА ІРІКТЕУ ӨТТІ

Среда, 22 Май 2024 05:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 194 раз

Шымкент қаласында  19 мамырда Sulumodels модельдік агенттігінің ұйымдастыруымен қалалық  Жастар Ресурстық орталығында “Шымкент аруы-2024” сұлулық байқауына іріктеу өтті.

MISS-1

 

Сұлулық байқауына Шымкент қаласынан 40-тан аса ару қатысып, олардың ішінен байқауға 17 қыз іріктеліп алынды.
Қазылар алқасының қатарында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 4-курс студенті “Шымкент аруы-2023” Арыстан Аружан бар.

MISS

Аружан Арыстан “Қазақстан аруы-2023” байқауына қатысып,, ТОП-12 ару қатарына енген ару болатын. Іріктеуден өткен қыздар күз айында өтетін “Шымкент аруы-2024” байқауына қатысады. Аруларға сәттілік тілейміз!

Последнее изменение Среда, 22 Май 2024 05:28
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.