ҰСТАЗДАРЫ ДА, ҰСТАНЫМЫ ДА ЖАҚСЫ МЕКТЕП Избранное

Среда, 22 Май 2024 05:01 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 372 раз

Шымкенттегі Қазақстан халқы Ассамблеясының концерт залында Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының «65 – болашағы жарқын әлем» атты есеп беру концерті өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы білім басқармасының басшылары, еңбек және қоғам қайраткерлері, мектеп-гимназияның құрметті демалысқа шыққан зейнеткер педагогтары, білім беру ұйымдарының бірінші басшылары және мектептің түлектері қатысты.

Ustas

 

– Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – оқу жылында атқарған жұмысымызды қорытындылап, оқушыларымыздың шығармашылық жетістіктерін көрсету, – дейді №65 мектеп-гимназия директоры Алмас Серікұлы.
Концертте «Балбырауын», «Атамұра», «Мұрагер» ұлт аспаптар оркестрі, халықаралық және республикалық би байқауларының жеңімпазы «АрмандаStar» би ансамблі, «Тыңда», «Қазақстан дауысы. Балалар» телевизиялық жобасының қатысушылары, «Бала дауысы» байқауының лауреаттары, «Азия таланттары» халықаралық өнер байқауының жүлдегерлері, «New Stars» квартеті өнер көрсетті. Сондай-ақ мектептің танымал түлектері де сахнада әннен шашу шашты.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.