ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ АШЫҚ ҚОҒАМ БІРЛІКПЕН КЕЛЕДІ

Среда, 22 Май 2024 04:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 97 раз

Бүгінде сыбайлас жемқорлық мәселесі – бүкіл әлемнің басты проблемаларының бірі. Өкінішке қарай, Қазақстанда жемқорлық деңгейі әлі тыйылмай тұр.

 

Тәуелсіздік алғаннан кейін арнайы құқықтық құжат қабылданып, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық жасағаны үшін бұрын жұмыстан босатылған адамдарға мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қандай да бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Лауазымды және оларға теңестірілген адамдар тарапынан кез келген заңсыз әрекет жасалса, оларды барлық артықшылықтардан толықтай айырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асырудың маңызды құралдарының бірі – әлі де Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның күн тәртібінен түскен жоқ. Әлемдік статистикалық мәліметтерге сәйкес, жаһандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы коалициясы жариялаған Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі (CPI) бойынша Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша әлемде ортаңғы елдер қатарында екені жасырын емес.
Бүгінгі таңда ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына көптеген түзетулер енгізілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді. Оның ішінде мүлікті тәркілеу, өмір бойына құқықтан айыру, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару, бас бостандығынан айыру және т.б. Осы заңнамалық жаңалықтарды жүзеге асыру үшін сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жаңа мемлекеттік орган – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды.
Біздің орталықта бүгінгі таңда коррупцияға қарсы «Сыбайлас жемқорлық –қоғам дерті» арнайы бұрышы жасалып, оны ұдайы назарда ұстау жолға қойылған. Салт-дәстүр орталығында сыбайластыққа қарсы арнайы мамандардың қатысуымен ұжымға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, лекция, «дөңгелек үстел» т.б. шаралар жүйелі түрде өтіп тұрады. Осының бәрі ұжымдағы ынтымақтастықты, өзара сыйластық әдебін нығайта түседі. Қоғам бір жұдырыққа бірігіп күрескен кезде жемқорлықсыз ашық қоғам қалыптастырады.

Б.СПАНОВ,
Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.