ЮВЕНАЛДЫ СОТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІ КЕҢЕЙТІЛДІ Избранное

Пятница, 23 Февраль 2024 08:26 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 359 раз

ҚР Азаматтық процестік кодексі мен басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді. Бұдан былай ювеналды соттар кәмелетке толмаған балалары бар ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзу, алимент төлеуден босату, кәмелетке толмағандардың еңбек, мұрагерлік, тұрғын үй құқықтарын қорғау мен олардың заңды мүдделері туралы даулар бойынша азаматтық істерді қарайды.

sottttt

 

Шымкент қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының м.а. Феруза Балтаеваның айтуынша, 2023 жылы сот өндірісіне 104 қылмыстық іс түсіп, оның 15-і 2022 жылдан өткен. Нақтырақ айтар болсақ 97 іс аяқталып, 56 тұлғаға айыптау үкімі шыққан. 5 іс соттылығы бойынша басқа сотқа жолданған.
Азаматтық істер бойынша сотқа 3100 талап-арыз және 17 іс түскен. 805 іске шешім шығып, 2022 жылмен салыстырғанда 45 пайызға көбейген. Сот медиациясымен 167 іс аяқталып, салыстырмалы түрде алғанда 31 пайызға өскен.
Өткен жылдың 12 айында сотқа келген 139 әкімшілік іс толығымен аяқталып, 126 істің тұлғаларына айыппұл салынған. Ювеналды полиция инспекторларына әкімшілік істер бойынша 11 жекеше қаулы шыққан.
«Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында «Право» қоғамдық қоры мен «Бақытты жанұя» қоғамдық қоры арасында өзара меморандум жасалған.
Татуласу рәсімдерін жүзеге асыру барысында 566 іс татуластырушы судьялардың өндірісінде қаралып, татуластыру рәсімімен 110 іс аяқталса, 72-і қайтарылған.

Өзипа Алтаева

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.