ТҰМАУҒА ҚАРСЫ СЕНІМДІ ҚОРҒАНЫС – ВАКЦИНА

Четверг, 26 Октябрь 2023 10:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 420 раз

Тұмау – тұмау вирусының әсерінен пайда болатын, тыныс алу мүшелерінің кең тараған ауруы. Қыста және ерте көктемде тұмаудың эпидемиясы кең тарайды. Адам ағзасына тұмаудың вирусы шабуыл жасап, жоғары және төменгі тыныс жолдары арқылы таралады.

Тұмаудың белгілері: Науқастың дене қызуы 38 градустан жоғары көтерілуі, бастың ауруы, әлсіздік, танаудың бітуі, түшкіру, жұмыс қабілетінің төмендеуі және т.б.. Бұл белгілер пайда болса медицина қызметкерлеріне көріну қажет!

Тұмаудың қауіптілігі – ағзаның қорғаныш қызметін әлсіретеді және тыныс жолдарының бұдан да қиын баспа, бронхтын, жоғары жақсүйек қойнауының, құлақтың, өкпенің қабынулары және т.б.ауруларының қозуын арттырады, сонымен қатар, тұмаудың вирусы жүрек-тамыр жүйелеріне (миокардит, перикардит) бүйрекке (пиелонефрит), жүйке жүйесіне (менингит, энцефалит) және т.б. уландыратын әсерін тигізеді. Сондықтан тұмау көніл қойып емдеуді талап етеді.

Емдеу: Емді дәрігер тағайындайды. Ал дерттің алдын алу үшін А, С және В топтарының дәрумендері және фитонцидтары бар көкөністер мен жемістерді тамаққа қолдану керек. Ағзаның иммундық жүйесінің жұмысын жоғарылатуға көмектесетін дәрілерді қолдануға болады. Олар жайында учаскелік дәрігерден сұрап білуіңізге болады. Оған қоса күнделікті таңғы жаттығулар және дене шынықтыру ағзаның жұқпаға қарсы күресуіне көмектеседі.

Ыстық және салқын су құйыну, ауамен булауды таңғы жаттығулармен байланыстыру, салқын сумен жуыну (14-16 градус), жақсы желденетін бөлмеде ұйықтау, күніне 5-10 минуттан 2-3 рет күнге қыздыру сияқты шынықтыру шаралары иммунитетті шынықтырады. Қоғамдық орындарда медициналық бетперделерді (бір рет қолданылатын немесе дәкеден жасалған) кию ауруды жұқтырудан сақтауға көмектеседі.

Тұмау вирусының өзгеруі өте жоғары болғандықтан оған қарсы пайда болған иммунитет уақытша ғана, сондықтан жылына кем дегенде бір рет вакцина алу керек. Вакцина салдыру – жақсы шешім. Тұмаудың эпидемиясы қазан айынан басталып, сауір-мамыр айларына дейін созылатын болғандықтан, вакцинациялауға ең жақсы кезең – қазан немесе қараша айлары.

Вакцина адам ағзасында тұмауға қарсы антиденелердің пайда болуын вакцина жоғарылатады. Антиденелердің пайда болуымен қатар кейбір адамдарда жоғары қажығыштық пен бұлшық еттің ауыруы қоса жүруі мүмкін. Әр жыл сайынғы тұмауға қарсы вакцина вирустардың бірнеше түрінен құралады. Егер тұмау вирустарының түрлері дұрыс таңдалып алынса, сау адамдардың 70-90 пайызы тұмаудың пайда болуына жол берілмейді.

Тұмауға қарсы вакциналациялау кімдерге ұсынылады? Әсіресе, өкпенің қабынуы сияқты тұмаудың асқынуының дамуы өте жоғары адамдарға ұсынылады:

* Жұмыс бабына байланысты көп адамдармен кездесетін немесе қауіп-қатер тобындағы кейбір адамдармен тығыз қатынастағы адамдарға;

* Созылмалы аурулары бар ересек адамдар мен 6 айдан асқан балаларға;

* Иммундық жүйелері әлсіреген ересек адамдар мен 6 айдан асқан балаларға;

* Тұмау маусымы кезеңінде жүкті болуды жоспарлаған әйелдерге;

* Балалар бақшасына, үйірмелерге, секцияларға және т.б.қатысатын оқушылар мен балаларға;

* 60 жастан асқан адамдарға.

Дина КАРАБАЛИНА,
Шымкент қалалық №4 емхана
бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.