Дүниежүзілік Банктің өкілі Химанши Джейн тарихи эволюция және зейнетақы жүйелерінің деңгейлері туралы

Вторник, 10 Октябрь 2023 04:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 360 раз

2023 жылғы 28 қыркүйекте "Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстел аясында түрлі панельдік сессиялар мен пікірталастар өткізілді.

Дөңгелек үстелдің "Халықтың қартаюы және зейнетақы реформасы" тақырыбындағы бірінші панельдік сессиясын қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі сәулетшілерінің бірі Григорий Марченко жүргізді.

Сессияны Дүниежүзілік Банктің әлеуметтік қорғау жөніндегі аға маманы Химанши Джейн ашты. Ол "Зейнетақы реформаларының тарихы нені үйретеді және зейнетақы жүйесінің тиімділігі қалай бағаланады?" тақырыбы бойынша баяндама жасады.

Химанши Джейн зейнетақы жүйелерінің жұмысын олардың тарихи эволюциясы тұрғысынан ұсынды. Бұл ретте ол әлемдегі зейнетақыны дамытуды 3 кезеңге бөлді. Бірінші кезең (1890-1970 жылдар) Еуропа мен Америкада DB зейнетақы жүйесінің (белгіленген төлемдері бар) таралуымен қатар жүрді. Бұл мемлекеттің алушылар алдындағы елеулі міндеттемелерін көздеді.

Бірақ тұрақты қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілмеді және бір ұрпақ өкілдері мен ұрпақтар арасындағы теңсіздікті тудырды.

Екінші кезең (1980 – 2000 жылдар) DC (белгіленген жарналары бар) жинақтау жүйесінің пайда болуымен сипатталады. Өйткені, DB жүйесі өзінің қаржылық тұрақсыздығын көрсетті. Азия мен Австралия аралас DB/DC жүйелерін енгізген кезде Еуропаның көптеген елдері DC жүйесіне көшті.

Үшінші кезең назардың зейнетақы жүйесінің дизайнынан (DB/DC) халықты қамтуға (дамушы елдерде) және зейнетақы жүйелерінің лайықтылығы/тұрақтылығына (ЭЫДҰ/EMDE) ауысуымен ерекшеленеді. 1995-2018 жылдар аралығында 78 ел жарна мөлшерлемесін ұлғайтты.

55 ел зейнет жасын өсіріп, 61 ел қолданыстағы DB сызбасын өзгертті, әлеуметтік зейнетақысы бар елдер саны 40-тан 80-ге дейін өсті.

Төртінші кезең (ағымдағы) сандық/ID/төлем жүйелерінің жылдам таралуымен, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істейтін өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың көбеюімен сипатталады. Бұл факторлар салымшыларды қамтуға және жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыруға жаңа тәсілдерді талап етеді.

Дүниежүзілік Банк зейнетақымен қамсыздандыру деңгейлерін былайша жүйеледі: егер әлеуметтік жағдайлар талап етсе және мемлекеттің осындай жүйені қолдауға мүмкіндігі болса (міндетті зейнетақы жарналарын төлемей), барлық қарт адамдарға кепілдендірілген кірісті қамтамасыз ететін нөлдік деңгей; кепілдендірілген зейнетақы төлемдерінің бір бөлігі жалақыдан міндетті жарналар есебінен жабылатын бірінші деңгей; жинақталатын және инвестицияланатын міндетті белгіленген зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы элементті көздейтін екінші деңгей, сондай-ақ, түрлі нысандардағы ерікті жарналарды көздейтін үшінші деңгей. Бұл ретте зейнетақы жүйелерінің дұрыстығын көрсететін жалпы қабылданған көрсеткіш – жеке тұлға үшін де, зейнетақы қоры үшін де төлемдердің болжамды деңгейін айқындайтын алмастыру коэффициенті (RR). RR адам зейнетке шыққан кезде үміт арта алатын орташа айлық табыстың үлесін көрсетеді.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі 40% RR көрсеткіші 30 жылдық еңбек өтілі бар орташа статистикалық жұмысшы үшін "лайықты" болып табылады.

Зейнетақы сызбаларын қамту, лайықтылық, тұрақтылық, капитал (C. A. S. E) сияқты алғышарттарды қолдану арқылы талдай отырып, баяндамашы нәтижелер әр сызбаның қолданылуына орай әр елге байланысты әртүрлі болады деп қорытындылады.

"Елдегі зейнеткерлік ландшафтты талдау барлық құрамдауыштарды әрқайсысының мақсаттарын нақты түсіне отырып, бір уақытта қарастыруды талап етеді. Үйлестіру мен келісімді, сондай-ақ, негізгі бағыттар арасындағы байланысты қамтамасыз ету жалпы саясатты қалыптастыру үшін маңызды", - дейді Химанши Джейн ханым.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.