ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР – БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ Избранное

Среда, 13 Сентябрь 2023 04:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 312 раз

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан экономикасының бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы бүгінде саясаттанушылар мен сарапшылардың ғана емес, дүйім жұрттың арасында кең талқылануда. Себебі, бұл Жолдауға тек Үкімет мүшелері мен қос палата депутаттары ғана емес, қарапайым жұмысшылар, мұғалім, дәрігер, кәсіпкерлер арнайы қатысқан саяси маңызы жиын екені баршаңызға белгілі.

312

 

Бүгінде әлемдегі саяси жағдайдың қай мемлекетке болмасын әсер етпей қоймайды және даму деңгейін өзгертетіні белгілі. Дегенмен, қандай да бір кедергі болмасын біздің ел экономикасының дамуы мемлекетіміздің басты мақсаты бола бермек. Экономикалық өзгерістер – болашағымыздың айқын кепілі. Президенттің кезекті Жолдауы несімен ерекше екендігіне тоқтала кетсем, бұл құжаттың басым бағыттары экономиканы арттырып, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту және жұмыс орындарын ашып, соның ішінде жұмыссыздық деңгейін төмендетуге құзырлы мемлекеттік органдарға тапсырма берілді.
Президент Үкіметке «Еліміздің экономикалық өсімін жыл сайын 7-8% ға арттыруды міндеттеп отыр. Былтыр ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 104 трлн теңге болса, шетелден тартылған инвестиция 28 милиардқа жеткен. Осы жоғары көрсеткіш көлемін тоқтатпай, ірі компанияларға тариф саясатын түбегейлі қайта қарауға міндеттейді. Бүкіл экономикалық жүйені шұғыл түрде қайта қарап, өзгерту арқылы елімізді өркендетеміз. Халықтың әл-ауқатын арттырамыз» - деді.
Бүгінде елімізде демографиялық өсім жоғары деңгейде екендігі баршамызға аян. Оның бір айғағы биыл мектеп бітірушілер саны еліміз бойынша 182 000 баланы құраса, ал бірінші сыныпқа 382 000 бала мектеп табалдырығын аттады. Бұл – өте қуантарлық жағдай. Дегенмен, демографиялық өсім білімге деген сұранысты да арттыратыны рас. Сондықтан білім сапасын арттырып, білімді де білікті мамандарды даярлау – заман талабы.
Білім беру жүйесі еңбек нарығына қарай, сұранысқа ие кадрларды, әсіресе техникалық мамандарды даярлап, жұмыс беруші мекемелермен әріптестік орнатуды жолға қою қажеттігіне Президент арнайы тоқталып кетті
Осы жерде Президент бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты біріңғай ерікті жинақтау жүйесі мен «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражаты біріктіріліп, жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік беретініне де тоқталды. Бұл өз кезегінде өсіп жеткен ұрпақтың кәмелет жасқа дейінгі жинақталған қаржылай қоры оның саналы да, сапалы білім алуына өз септігін тигізеді деп ойлаймын.
Келесі маңызды фактор ел экономикасының дамуында Президент бірқатар маңызды мәселелерді атап өтті. Қазақстан өзін-өзі толық қамтамасыз ететін ел болуы тиіс. Оған еліміздің барлық әлеуеті, табиғи байлығы мен ресурстары жеткілікті. Жаңа өнеркәсіптік саясат – ел экономикасына серпін берері анық. Олардың ішінде ішкі нарықты қорғау тау-кен өндірісі саласын басқару, қорғаныс өнеркәсіп кешенін нығайту, ауыл шаруашылық саласының әлеуетін арттыру, электр қуаты, жылу және су, газды тиімді пайдалану мәселелеріне баса назар аудару керектігін атап өтті.
Тағы бір тоқтала кететін мәселе, Президент Қ.Тоқаев энергетика тапшылығының алдын-алу бойынша атом энергетикасын дамыту экономикалық және саяси мәселе екендігіне тоқталды.
Қазақстан әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Бірақ Мемлекет басшысы оны салу немесе салмау халық еншісінде, деді. Енді өндірісіміз өркендеп, қарқынды дамып келе жатқан елімізге энергия қорының тапшылығы сезілуде. Дегенмен, тапшылықтың алдын алу бағытында неге өзіміздің уранымызды пайдаланбасқа. Мысалы, кәрі құрлықта орналасқан мемлекеттердің көпшілігінде АЭС салынған және оны өз деңгейінде пайдалана алады. Чехия - 6, Белгия - 4, Болгария - 2, Францияда - 56, Украина - 15, Англия - 15. Еліміздегі табиғи байлықтарымызды өз қажеттілігіне ел игілігіне пайдалануымыз керек. Ал атом станциясын салу – уақыт талабы. Сондықтан, бұл мәселе бойынша халықтың ой-пікірімен санасып «келісіп пішкен тон, келте болмас» - демекші, егжей-тегжейлі талқылап стратегиялық маңызы бар жобаны референдум арқылы қабылдауымыз керек» – деді
Президент Қ.К.Тоқаев.
Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысының Жолдауында ел игілігі мақсатында көптеген мәселелер қаралды.

Р.ҚУАТБЕКОВА,
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің
ректоры, м.ғ.д., профессор, академик 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.