ТӘЖІКСТАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ Избранное

Пятница, 25 Август 2023 04:31 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1129 раз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күндері Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді. Сапар аясында жүргізілетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.

184

 

Сонымен қатар екі ел басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, бауырлас елдің ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды. Тәжікстанның Мәдениет күндері аясындағы іс-шара Шымкент қаласында да өтеді.
26-28 тамыз күндері «Көрме» орталығында Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдері, отандық қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдары көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
27 тамыз күні сағат 15:00 – «Признание саразма» көркем фильмінің көрсетіліміне ұласады. («Гипер Хаус» сауда үйі);
18:00 –Халық шығармашылығы, ұлттық киімдер, картиналар мен фотосуреттер көрмесінің таныстырылымы және
Тәжікстан Республикасының мәдениет және өнер жұлдыздарының қатысуымен салтанатты концерт өтеді («Түркістан
сарайы» концерттік залы).

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.