ОҢАЛТУДАҒЫ ОҢДЫ ӘДІС Избранное

Четверг, 09 Март 2023 04:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 851 раз

Эрготерапия — науқастың іс-әрекет белсенділігін қайта қалпына келтіруге бағытталған оңалту әдісі. Яғни, дәрі-дәрмексіз жаттығумен жұмыс істеу арқылы емдеу.

300

 

Бүгінде бұл әдіс оңалту ісіндегі жаңа бағыт ретінде қолданылып жүр. Балалардың церебральді сал дертіне, бас-ми жарақатын алған және тірек-қимыл аппараты бұзылған науқастарға эрготерапия әдісі қолданылып, өзінің нәтижесін көрсетіп отыр. №2 балаларды оңалту орталығының неврологиялық бөлімшесіне бірнеше мәрте келіп, эрготерапия әдісімен ем алып жүрген Е.Аянат, Ш.Оразгелді есімді емделушілеріміз бүгінде өз-өзіне қызмет ету дағдыларын үйренді. Киіну, түймелеу, бау өткізу, оны байлау, заттарды жинастыру сынды әрекеттерді өздері істей алатын күйге жетті. Қол қимылдарын дамыту мақсатында «Айна терапиясы» әдісінің жаттығуларын жасады. Балалардың ата-анасы эрготерапиядан кейінгі нәтижеге қуанып, орталық мамандарына алғысын білдірді.
Эрготерапияның көмегімен бала өзгенің көмегінсіз, өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып өмір сүруге, әрекет етуге бейімделеді. Бұл әдіспен емделушінің өмір сүру сапасын жақсартуға, қалыпты іс-әрекеттерді үйретуге, өзіне-өзі қызмет жасауға мүмкіндік туғызамыз. Біз орталық қызметіне жүгініп, қалыпты қозғалуды үйренген әрбір бала үшін қуанамыз. Себебі, олардың дұрыс қозғалуы, қалаған әрекетін ешкімнің көмегінсіз орындауы — мамандар еңбегінің жемісі, ата-ананың үмітінің ақталғаны.

Динара СЫДЫҚОВА,
Шымкент қалалық №2 балаларды оңалту орталығының эрготерапевті

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.