#Baskazhol бокс клубы ашылды

Среда, 12 Сентябрь 2018 05:00 Автор
Шымшаһар воркаутшылары жаңа бокс клубын ашты. #Baskazhol спорт клубының салтанатты рәсімі танымал спортшылардың қатысуымен өтті. Қаламызға белгілі жас, спорт шебері Александр Водолацкийдің бастамасымен #Baskazhol воркаутшылар қозғалысының екінші клубы өз жұмысын бастады. Кәсіби боксшылар даярлайтын орында шымкенттіктер муай-тай, фитнес боксын меңгеріп, жаттықтырушылармен бірге кәсіби түрде воркаут,…
Екі аптаға созылған Жазғы Азия ойындары мәресіне жетті. Үміт пен күдік арпалысқан додада ел спортшылары да жарыс көрігін қыздырды. Жалпы, еліміздің атынан 404 спортшы 25 олимпиадалық спорт түрінен бақ сынады. Дүбірлі додада отандастарымыз аянып қалған жоқ. Дегенмен, әттеген-ай дейтін жағдайлар да болды. Жалпы командалық есепте…

Екі дүркін чемпион!

Среда, 29 Август 2018 05:20 Автор
Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Джакарта төрінде жеңісті жолды жалғастырды. Алина Әділханова, Даяна Әбдірбекова және Адиля Тілекенова командалық сайыста Азиаданың жеңімпазы атанды. Сонымен қоса, Алина Әділханова көпсайыста үздік шықты. Осылайша Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында ел спортшылары сегіз алтынды қанжығалап, алғашқы ондыққа кірді. Әлия Юсупова…
Біздің қазақтың «Доп ойнаған тозар...» дейтұғын мақалын бүгінгі заманның ыңғайына салып, «Доп ойнаған озар...» деп өзгертсек, әсте артық айтқанымыз емес. Сөз жоқ, қазір доп қуғандар озып тұр. Керемет ойынымен, әдемі дриблингтерімен жанкүйерлердің жанарын жаулаған Роналду мен Месси, Модрич пен Мбаппені былай қойғанда қарапайым ортаңқол футболшылардың…

Шымкенттің қыздары жеңіске жетті

Пятница, 10 Август 2018 05:03 Автор
Чемпиондар лигасында сынға түсіп жатқан Шымкенттің «БИІК-Қазығұрт» қыздар командасы Латвия астанасы Ригада өтетін Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады. Шымкенттік арулар алғашқы ойында Грекияның «Академия Элпидес Кардитсас» командасымен кездесіп, 2:1 есебімен басым түсті. Шымкенттіктер сапынан голды Гүлнара Габелия мен Фазила Иквапу салды. Енді «БИІК-Қазығұрт» келесі…
Шымқалада жастарды бұқаралық спортқа баулитын жаңа нысан тұрғындар игілігіне берілді. Абай ауданындағы Жиделі шағынауданынан бой көтерген футбол кешені мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылып отыр.Мұнда жергілікті 5 жастан 18 жасқа дейінгі жастардың жыл он екі ай доп тебуіне мүмкіндік бар. Жаңа нысанның тез арада пайдалануға берілгеніне шағынауданның…

Тарихта қалған финал

Среда, 18 Июль 2018 04:10 Автор
Қош, көршіміз Ресей жерінде өткен футбол чемпионаты да аяқталды. Миллиондаған жанкүйердің делебесін қоздырған доп додасы футбол тарихындағы ең бір есте қалған әрі ерекше чемпионат болды деуге негіз бар. Оған бір себеп – футбол тамашалайтын жанкүйерлердің көбеюі. Жыл сайынғы «дәстүрлі» фанаттардан бөлек бұған дейін футбол көрмейтін…
Жуырда қазақ күресінен мықтылардың басын қосқан «Қазақстан барысы» турнирін тамашаладық. Бұл жолы жеңісті жолды Л. Тәжиева атындағы Шымкент қалалық №4 спорт мектебінің шәкірті Ерсұлтан Мұзаппаров жалғап әкетті. Бәрекелді дестік. Салмағы 90 келі. Әбжіл қимылдайды. Техникалық айла-тәсілдері сүйсінтеді. Жартылай финалға жетіп жығылғаны өзекті өртейді, әрине. «Олқылықтың…
Бұқаралық ақпарат құралдары және баспа саласы қызметкерлерінің қуанышына айналған дәстүрлі спартакиада мәресіне жетті. Төрт күнге созылған спорттық бәсекеде үздік шыққандар анықталды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, журналистер спорт ойындарында да жүйрік екенін дәлелдеді. Әріптестердің ынтымақ-бірлігі жарасып, жұдырықтай жұмыла білгені қуантады, әрине. Қазақстан Журналистер Одағы ОҚО…
Шымкент – салауаттылыққа бет түзеген қала. Бүгінде үшінші мегаполисте бұқаралық спортпен шұғылданатын тұрғындардың үлесі 30 пайызға жуықтапты. Дәлірек айтсақ, 26,5 пайыз. Бұл – қуантарлық жағдай. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жыл басынан бері қалада 197 іс-шара өткізілген. Әрине, қала халқының саны өскен сайын спортқа сергек…