«Шымкент жастар лигасы»: аудандық ойындар тартысты өтуде
Среда, 31 Март 2021 03:39 Автор Азамат ЖАППАР
Шымкентте жастар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында биыл алғаш рет қала әкімінің кубогі үшін спорттық сайыс ұйымдастырылды. Қаладағы жүздеген мектептің оқушылары бұл біріншілікке ерекше ден қойып, ықылас танытып отыр. Оны спорт сайысында жүріп, жастардың жеңіске деген жігерінен байқадық.
Үшінші мегаполисте «Nur Otan» партиясы мен «Qazaqstan ardagerleri» қауымдастығының қолдауымен «Қазақстан Республикасының «Унибой» әмбебап жекпе-жек федерациясы» РҚБ ұйымдастырған әмбебап жекпе-жектен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.
Жуырда Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығы (ABIK) мен QAZAQ KURESI қауымдастығы басшылығы Шымкент федерацияларының өкілдерімен кездесті. Іс-шараға Шымкент қаласының жекпе-жек өнері қауымдастығының құрметті президенті Тасибеков Қайсар Сүлейменұлы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Исахов Мақсұт Пернебайұлы, Қазақстан жекпе-жек өнері қауымдастығы мен QAZAQ KURESI қауымдастығының бас директоры Иманбаев Абат…
Шымшаһар боксшысы Испаниядағы халықаралық турнирдің чемпионы атанды. Кастельоне қаласында өткен Boxam халықаралық турнирінің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар екі медаль жеңіп алды.
Халықаралық спорт жарыстарының жүлдегері Сәрсенкүл РЫСБЕКОВАНЫҢ есімі спорт сүйер қауымға жақсы таныс. Жастайынан талай байрақты бәсекеден жүлделі оралған оның жеткен жетістігі мен алар асуы да аз емес. Стенд ату спортынан дүниежүзілік бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап жүрген мерген қызбен жуырда сұхбаттасудың сәті түсті.
Шымкент қаласындағы №103 орта мектепте бірнеше спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Заманауи талаптарға сай келетін волейбол, футбол алаңдары жазғы ойындар үшін өте ыңғайлы. Спорт алаңшаларын салуға мектеп ұжымы қалалық білім басқармасы тарапынан бөлінген қаржыны тиімді пайдалану арқылы жол тапқан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына…
Әлем чемпионы Біржан ЖАҚЫП: «МЕН СІЗДЕРДЕН КЕШІРІМ СҰРАЙМЫН»
Пятница, 21 Август 2020 06:09 Автор Бақтияр ТАЙЖАН
Біржан Жақыпов – қазақ боксшылары ішінен үш бірдей Олимпиада ойындарына барған жалғыз боксшы. Шымкенттік оғлан 2005 жылы 23 жасында Мьянмада өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Осылайша ел құрамасынан ойып тұрып орын алды. Чикагода өткен әлем чемпионатында қытайлық Зоу Шимин жолын кесті. Әрбір спортшыда…
Тоғызқұмалақ ойынынан 8 дүркін Әлем чемпионы, «100 жаңа есімге» енген Әсел Дәлиеваны қай жағынан қаузасаңыз да еліміздің зияткерлік ойынының жарық жұлдызы екендігі даусыз дараланады. Тоғыз жасында тоғызқұмалақ үйірмесіне барыпты. Он екі жасында еліміздегі ең жас спорт шебері атағын алған. Он алты жасында халықаралық дәрежедегі спорт…
Алматыда халықаралық жарыстар жиі өтіп жатады. Қазақстан құрамасының сапынан Болат Жұмаділовті, Нұржан Смановты және Ермахан Ыбырайымов пен Аркадий Топаевты көргенде көзің тойып, арқаңнан ауыр жүк түскендей жеңілейіп қаласың. Бұлар шын мәнінде әлемдік деңгейдегі саңлақтар болатын. Болат пен Нұржан классикалық мәнердегі боксшылар. Шабуылға шығып, түйдектетіп ұрғанда…
Біз мұны каратэ спортындағы ақжолтай жеңіс деп білеміз. Тарихи ерліктің әманда орны бөлек. Татамидің тарланы Дархан Асаділов бүгінде Олимпиадаға тыңғылықты дайындық үстінде. Жолдама уысында. Ендігі мақсат – төккен тердің өтемін көрсем дейді. Олимпиадаға жаңадан енген спортта тыңнан түрен салу оңай емес, әсте. Премьер-лига кезеңінің сегізінде…