«Fitness park kz» жобасы асында қала тұрғындары спорт түрлерімен жаттыға алады. Сондай-ақ, барлық спорт түріне тегін қатысуға мүмкіндік береді. Аталмыш жоба қазан айының соңына дейін жалғасады.
Спорттық жоба қаланың төрт саябағында өтуде. Олар – Металлург, Орталық, Жеңіс және дендросаябағы. Оқытуды білікті нұсқаушылар мен жаттықтырушылар жүргізеді. Жастарға қолайлы болу үшін барлық жағдай қарастырылған.
Аталмыш жоба жастардың денсаулығының мықты, жігерлі болуына септігін тигізеді. Жаттықтырушылармен бірге болған жастар тұрақты сабақтан кейін алғашқы нәтижелерді сезініп, спортпен айналысуын жалғастырады.