Шымкентте "FITNESS PARK KZ" жобасы басталды

Пятница, 19 Август 2022 00:00 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4126 раз

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен жастары!

Сүйікті қаламызда жастар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Fitness Park KZ» жобасы басталғанын хабарлаймыз.

Жоба аясында қала саябақтарында аптасына 2 рет спорттық жаттығулар ұйымдастырылады.

Атап айтқанда, Металлург саябағында дүйсенбі сағат 07:00-08:00-де, бейсенбі сағат 19:00-20:00-де;
Орталық саябақта сейсенбі сағат 07:00-08:00 аралығында, жұма сағат 19:00-20:00-де;

Жеңіс саябағында сәрсенбі сағат 07:00-08:00-де, сенбі сағат 19:00-20:00-де;

Дендросаябақта сәрсенбі сағат 07:00-08:00-де, жексенбі сағат 19:00-20:00-аралығында өтеді.

Жоба аясында қала жастары мен тұрғындары пилатес, шейпинг, аэробика, фитбол және т.б. спорт түрлерімен шұғылдана алады.

Сіздерді таза ауада, табиғат аясында, ашық аспан астында спорттық жаттығулар жасауға шақырамыз! Келіңіздер!

Салауатты өмір салтын бірге қалыптастырайық!
Бірге шынығайық! Бірге мықты болайық!

Спорт — денсаулық кепілі!

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.