Бауырлас жастар дидарласты

Пятница, 17 Ноябрь 2023 05:57

Қазақстанда алғаш рет «Қазақ-түрік жастар көпірі» жобасы өтті. Түркістан облысынан бастау алған бұл іс-шара Шымкент қаласында жалғасын тапты. Төрт күнге жоспарланған жобаға еліміздің мәдениет және ақпарат министрлігі мұрындық болып отыр. Мақсаты — екі елдің тарихы мен мәдениетін жастарға насихаттау.

557

«Тәуекел түбі – желқайық...»

Пятница, 10 Ноябрь 2023 04:43

Жұбайының қолынан келетін ісін бизнеске айналдырған Нұркен Өтегенов – бүгінде үлкен тігін цехының иесі. Бұрын кәсіпкерлікпен айналыспаған ол бастапқыда өз ісінің алға жылжуына күмәнмен қараған. Уақыт өте келе мың ойланып, жүз толғанып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан 25 миллион теңге субсидия алып, бизнесін бастап кетті.

528

esepten-kaship

Қазақстандық дәрігерлер психикалық ақаулар дертінің жиілеп кеткенін айтып, дабыл қағуда. Олардың айтуынша, ел тұрғындарының 25 пайызы аталмыш дертке шалдыққан. Өкініштісі сол, оның 14 пайызын жасөспірімдер құрап отыр. Өзекті мәселе аясында Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы «Психикалық денсаулық сақтау қызметінің заманауи жағдайы» атты өңірлік ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды. Іс-шараға Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысының психиатр, нарколог, невролог, педиатр және жалпы тәжірибелік дәрігерлер қатысты.

Басқосу әртүрлі психикалық және мінез-құлыққа қатысты, психикалық ауытқулардан туындайтын проблемаларды шешу, оған заманауи емдеу әдістерін қолдану мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бүгінгі қоғамда белең алған ең зиянды әдеттердің бірі – лудомания мәселелерін сарапқа салды.

— Жер шарында миллиардқа жуық тұрғын психикалық аурулардың шырмауында жүргені мәлім. Өкінішке қарай, олар мамандандырылған медициналық ұйымдардың көмегіне жүгінуге асықпайды. Себебі, психикалық ауруларға қатысты стигма мәселесі қоғамда, тіпті денсаулық сақтау саласында кең тараған. Динамикалық бақылауға, яғни, диспансерлік есепке алады деген үрей қоғамда бұл дерттің өршуіне әкеліп, науқастардың сапалы, уақтылы ем алу мүмкіндігінен айырып отыр. Бүкіл әлемде ментальді ауруға шалдыққан адамдардың әлеуметтік интеграциясы аса өзекті мәселе болып табылады, – деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков.

Конференцияда әсері ұзартылған препараттарды қолдану, психореабилитация, балалар аутизмі мәселелері, сонымен қатар, эпилепсия және деменциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсетудің аспектілері бойынша невролог және психиатр дәрігерлердің арасында пікірталас өтті.

Айта кетейік, Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығында 12057 науқас есепте тұр. Сонымен қатар, бүгінде қоғам дертіне айналған лудомания ауруымен республика көлемінде ресми 10 науқас тіркеліпті. Бұл — қоғамда «ауруын жасырып» жүрген жандардың көп екеніне тағы бір дәлел. Дәрігерлер лудоманияға шалдыққандар медициналық көмекке уақтылы жүгінсе, дертінен айығуына мүмкіндік мол екенін алға тартып отыр.

Шымкентте «Даму» қорының аймақтық филиалы арқылы өз жобасын жүзеге асырушылар көбейіп келеді. Биылдың өзінде «Даму» қорының Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалы кәсіпкерлердің 391 жобасын мақұлдап, 5,7 млрд теңгеге дейін кепілдік берді. Мүмкіндікті пайдасына асырған талапты жандар ойдағы орайлы ісін бастап та кеткен.

725

Өнерім өмірімнің өзегіне айналды

Пятница, 20 Октябрь 2023 04:25

«Бука» спектаклі. Ашығын айтқанда, біздің кейіпкеріміздің бағын ашқан осы қойылым. 1988 жылы Ақтау қаласында өткен қуыршақтар театрында алғаш рет «Бери Бом» атты кішкентай-ақ тиынның рөлін сомдап, көпшілікті тәнті етті. Мамандар тарапынан да жоғары бағаға ие болған. «Ол кісі кім екен?» деп қызығушылық танытсаңыздар айтайын. Маңғыстау облыстық қуыршақтар театрында жастайынан еңбек етіп келе жатқан Фарида Атакеева.

720

Шымкентте қуыршақ театрларының І халықаралық «Puppetland» фестивалі өтті. Фестивальде Армения, Польша, Гонконг, Израиль, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Перу, Түркия, Ресей, Чехия, Эстония, Тәжікстаннан және еліміздің бірқатар өңірлерінен келген өнер ұжымдары бес күн бойы өнер көрсетіп, қала тұрғандарына өз қойылымдарын ұсынды.

701

Шымкент қалалық опера және балет театрында хор ұжымы «Күтемін сені» атты композициялық драманың жаңа форматтағы қойылымын көрерменге паш етті. Сюжеттің негізінде екі басты кейіпкер – Баритон мен Колоратурлық Сопрано арасындағы махаббат хикаясы баяндалды. Қойылымды сахналаған актерлер және театрдың хор ұжымы өнер мен шынайы өмір әлеміндегі нағыз оқиғаны театр сүйер қауымға жеткізіп, ерекше атмосфера сыйлады. ⁣⁣ ⁣⁣

501

Шымкент қаласы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен қызылша ауруының алдын алу және оған қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Дөңгелек үстелге аталған салаға жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері, дәрігерлер мен дін қызметкерлері қатысты.

608

Страница 1 из 9