САҚТАНДЫРЫЛҒАН ТҰРҒЫНДАРҒА ДИАГНОСТИКА ҚОЛЖЕТІМДІ Избранное

Среда, 06 Декабрь 2023 04:35 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 689 раз

Үшінші мегаполисте он мекеме жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді. Онда бас ми қан-тамырларының күрделі бұзылыстарында, инсульт, аневризма кезінде, экстра және интракраниалды операциялар жасалады. Жүрек ауруларына қатысты эндоваскулярлық және ашық жүрекке операциялар да жасалып жүр. Бұл көмекке былтыр 1290 адам жүгінді. Сонымен қатар, кардиохирургиялық, нейрохирургиялық, экстракорпоральды ұрықтандыру қызметі де бар. 2022 жылы экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы 344 әйел босанып, 336 нәресте дүниеге келген. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандару қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек мәлімдеді.

osms1

 

МӘМС: қоғамның әлсіз тобына қолдау көрсетеді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында ересектер мен балаларға арналған оңалту емі екі есеге артқан. Бұл бағытта науқастарға көмек көрсететін 20 медициналық мекеме таңдалды. Олар кардиология, кардиохирургия, неврология, ортопедия, травматология, пульманология бойынша көмек ала алады.
–Шымкент қаласында МӘМС жүйесі бойынша 723 мың адам мемлекет тарапынан қаржыландырылған. Олардың 59,6 пайызы әлеуметтік әлсіз топқа жатса, 15 пайызы қорғалған топтың ішіне кіреді. Ал, науқастардың 12,7 пайызы станционарлық ем алса, емханалық көмекке 35 пайызы жүгінген. Сақтандырылмағандар саны – 242 мың. Олар ем алу үшін жедел көмек, амбулаториялық көмек, тегін дәрі-дәрмек мемлекет тарапынан тегін кепілдендірілген медициналық деңгейде көрсетіледі. Одан бөлек, амбулаториялық деңгейде реабилитация бар. 2022 жылы 134 913 адам осы бойынша көмек алды, – деді Сәбит Райымбекұлы.
Сәбит Құралбектің айтуынша, компьютерлік томография және магниттік-резонанстық томография бойынша 2020 жылға дейін тек әлеуметтік осал топқа кіретін 8 бағыт бойынша тегін болса, қазір медициналық сақтандырылған барлық тұрғынға тегін диагностика жасалып отыр.
– Бүгінде консультациялық-диагностикалық қызметтер мен қымбат тұратын – компьютерлік томография және магниттік-резонанстық томография тұрғындарға қолжетімді. 2021-2022 жылдармен салыстырғанда диагностика кезегі 10 күннен 5 күнге кеміген. Яғни, 9 пайыздан 2 пайызға төмендеді. Медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында жүкті әйелдерге, балаларға, мектеп медицинасына, жастарға өз алдына қосымша қаржы қарастырылды. Дені сау ұрпақ – біздің болашағымыз. Сондықтан жүкті әйелдерге антенатальды скрининг негізінде 2023 жылдан бастап 2 080 961 медициналық қызмет көрсетілді, – деді спикер.
2019 жылы диспансерлік есепте тұратын азаматтарға 49 нозология бойынша тегін дәрі-дәрмек берілсе, биыл бұл көрсеткіш 131-ге жетті.
–2023 жылдың 10 айында медициналық қызметтер бойынша 107 100 науқас станционарлық жағдайда емделген. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша 14 370 адам ем алса, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 92 730 науқас қаралды. Сондай-ақ, медициналық көмек көрсетудің басым бағыттарының өзгеруіне орай медициналық қызметкерлердің орташа жалақысы өсті. Қазан айынан бастап дәрігерлердің орта жалақысы – 455 410 теңге, орта буын медициналық қызметкерлерінікі 245 063 теңгеге жетті, – деді Сәбит Құралбек.

Қашықтан емдеу өрісі кеңейді

«Еліміздің аумағында уақытша болатын немесе баспана іздеп жүрген азаматтығы жоқ шетелдік адамдарды емханаға тіркелуіне өзгерістер енгізілді». Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Абдуллаев баяндады.
Айта кетейік, әр жылы елімізде 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында емханаларға тіркеу науқаны жүргізіледі. Оның аясында әрбір қазақстандық және ел аумағында тұратын шетелдік азаматтар емхананы өз бетінше таңдау құқығын пайдалана алады.
–Шымкент қалалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметіне сәйкес, емханаға тіркеу «Еркін таңдау» барысында 1 192 939 тұлға 61 емханаға тіркелген. Биыл емханаларға тіркеу науқанында 165 185 адам тіркелді. Оның 9 783-і «Еркін таңдау» негізінде, 2 914-і «көші-қон» есебінен тіркелсе, «электронды E-gov қызметтері» арқылы – 54 415, аймақтық учаскенің жабылу себебінен – 1 242, «ішкі қайта бекіту» себебінен – 55 330, «тіркеу науқаны» бойынша – 41 501 адам қайта тіркелген. Медициналық- санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне халықтың демографиялық өсуін ескере отырып, әкімшілік аумақты сақтап, медициналық қызмет көрсетілетін денсаулық сақтау объектілері 15 минуттық қадамды қолжетімділігі ескерілуі тиіс. Бүгінде 2 271 азамат үйден қызмет көрсету арқылы, ал 297 қандасымыз алғаш рет емханаға тіркелген, – деді Бақытжан Жүсіпәліұлы.
Ресми деректерге сүйенсек, Шымкент қаласы бойынша 5 421 шетелдік емханаға тіркелген. Жалпы тәжірибелік дәрігерге бекітілген тұрғын саны 1 700 адам болса, учаскелік педиатрға алты жасқа дейінгі 500 бала, он төрт жасқа дейінгі 900 баладан аспауы керек. Науқан кезінде емханаларға бекітілген тұлғалар қормен қызметтерді сатып алу шартын жасаған уақыттан кейін, келесі жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық қызмет алады.
Қазіргі таңда тұрғындар үшін қашықтан медициналық қызмет көрсетулер кеңеюде. Арнайы профилді дәрігерлердің, оның ішінде қазақстандық және шетелдік ғылыми орталықтардың мамандарынан пациент медициналық мекемеге келмей қашықтан дәрігерлік кеңес ала алады.
–Бұл қызмет – әсіресе науқасты коронавирустан емдеу кезінде өзекті. Оның жағдайын бақылау және ұсыныстардың орындалуын бақылау үшін дәрігер аудио немесе видео байланыс арқылы кездесу өткізе алады. Ал пациентке бұл үшін емханаға барудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, қашықтан көрсетілетін қызметтер ауыл халқына медициналық көмек алу мүмкіндігін жеңілдетеді. Ол аудандық немесе облыстық орталыққа кеңес алу үшін бара алмайды. Медициналық көмекті алу үшін дәрігердің жолдамасы қажет. Қашықтан медициналық қызметтердің дәрігерге дейінгі медициналық көмек, алғашқы медициналық-санитариялық көмек, мамандандырылған медициналық көмек, медициналық оңалту, паллиативтік қызмет түрлері бойынша жүзеге асырылады. Егер тұрғындардың медициналық қызметтерді қашықтан алуға қатысты сұрақтары болса, онда оларды учаскелік дәрігерге немесе өз емханасындағы пациенттерді қолдау қызметіне қоя алады. Қажетті ақпаратты алмаған жағдайда әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына fms.kz ресми сайт, 1406 байланыс орталығы арқылы өтініш беруге болады.
Айта кетейік, медициналық сақтандыру бойынша қажетті мәліметтермен Telegram-дағы Qoldau 24/7 және SaqtandyryBot мобильді қосымшасы арқылы танысуға болады.