Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласынан қос спортшы аттанған болатын. Мейіржан Шермаханбет пен Әлімхан Сыздықов қарсыластарын айқын жеңіп, чемпион атанды. Екеуі де бұған дейін күміс жүлдеге қол жеткізген. Жарыстың екінші күнінде Мейіржан Шермаханбет (67 келі) финалда екі дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Азия ойындарының чемпионы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Рю Хан Суды (Оңтүстік Корея) уақытынан бұрын жеңді. Екі балуан да жанкүйерлерге жарқын жеңіс сыйлап, әдемі күрес үлгісін көрсетті.
Ел спортшылары үшін 2022 жылдың басты бәсекесі – Қытайда өтетін Жазғы Азия ойындары. Қазіргі таңда жеңімпаз спортшыларымыз осынау бәсекеге дайындық жүргізуде. Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан спортшыларға барлық жағдай жасалып отыр.