БЕКТАС – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ! Избранное

Среда, 22 Май 2024 04:48 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1259 раз

Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен шымкенттік 9-сынып оқушысы Бектас Қуандық джиу-джитсудан жастар арасында Азия чемпионы атанды.

bektas

 

Бектас Шымкенттегі №66 «Қазығұрт» жалпы орта мектебінде оқиды. Жуырда ол Абу-Даби қаласында өткен Азия чемпионатына қатысып, Араб, Тайланд, Өзбекстан елінің спортшыларын жеңіп, көк туымызды көкке көтерді. Сайысқа Азия құрлығының 30 мемлекетінен 1100 жас спортшы қатысты.
Жасына қарамай, оның спорт жолындағы жетістіктері үлкен. 2022 жылы 12-13 жас аралығында джиу-джитсудан Астана қаласында өткен республикалық чемпионатта бас жүлдеге қол жеткізіп, Испанияның Мальгард-де-мар қаласына өтетін чемпионатқа жолдама ұтып алды. Атырау қаласында қоян-қолтық ұрыстан өткен республикалық чемпионатта чемпион атанып, Дубайда өтетін жарысқа жолдама ұтқан. Сонымен қатар, 12-13 жас аралығында еркін күрестен ҚР чемпионатының жолдамасына ие болған.
14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында жекпе-жектен және Combat Jiu-Jitsu-дан өткен жарыстарда ҚР чемпионы атанған.
Жас спортшының қоржыны Абу-Дабидегі жарыстан соң тағы бір алтын медальмен толықты.

Г.СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.