ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ Избранное

Среда, 22 Май 2024 04:46 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 999 раз

Шымкентте Қазақстан мемлекетінің негізін қалаған Алаш ардақтыларының бірі Мұхамеджан Тынышпаевтың 145 жылдық мерейтойы және Қазақстан темір жолының құрылғанына 120 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында футболдан турнир өтті.

okusjilar

 

Бүгінде жас ұрпақ қазақтың өткенін біле бермейді. Сондықтан, Алаш ардақтысы туралы дерек бергенді жөн көрдік. Мұхамеджан Тынышбаев (1879-1937) – теміржолшы, ағартушы-ғалым, саяси-қоғам қайраткері, Алашорда қозғалысын құрушылардың бірі және Алашорда үкіметі төрағасының орынбасары, Түркістан автономиясының премьер-министрі
Мұхамеджан Тынышбаев кәсiби қызметiнде Жетiсу жол құрылысы, Қызылорда, Алматы қалалары сәулет-ғимарат нысандарын жобалау және салу, «Түркiстан-Сiбiр» темiр жолын тұрғызу тәрізді ірі техникалық туындыларын қалдырып үлгерді. Әсіресе, тұңғыш қазақ инженерінің атақты «Түркiстан-Сiбiр» темiр жолын салудағы еңбегi өлшеусiз. Қазақстанның көлік және коммуникация әлеуетін қалыптастыруда Мұхамеджан Тынышбаевтың көшбасшы екенін бүгінгі ұрпақ ұмытпағаны дұрыс.
Еңбекші ауданы әкімдігі мен Шымкент көлік колледжінің ұйымдастыруымен өткен турнирге аудандағы мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев пен М.Тынышпаев атындағы Шымкент көлік колледжінің директоры Ерзат Өтепбергенов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
— Жалпы, спорттық жарыстар жастарды бірлікке, бір-біріне деген сыйластықты арттыруға тәрбиелейді. Ауа-райының қолайсыздығына қарамай турниге қатысқан оқушыларға, ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз, – деді Д.Амангелдиев.
Айта кетейік, спорттық турнирге іріктеуден өткен
12 команда қатысты. Жеңімпаздар жүлделі орындармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Г.ЗАУЫТБЕК

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.