ШӘКІРТТЕРІН САЛТАНАТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ Избранное

Пятница, 03 Май 2024 05:09 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1057 раз

Шымкент қаласының Ләззат Тәжиева атындағы №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде тағы бір жеңіс қоржынға түсті.

Shakirt

 

Бұл жолы спортшылар Жапония елінің Токио қаласында байдарка мен каноэде есуден өткен Азия чемпионатында жүлделі І орынды иеленді. Ендігі мақсат – Париж Олимпиадасында ел намысын қорғау. Жолдамаға ие болған спортшыларды салтанатты түрде қарсы алу рәсіміне Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Бауыржан Әлтеев, Шымкент қаласының есу және спорттың су түрлері бойынша федерациясының басшысы Нұрғазы Бұхарбаев арнайы келіп құттықтады.
– Азия чемпионатынан үш спортшымыздың Париж Олимпиадасына жолдама алуы үлкен мақтаныш. Әрбір жеңістің артында маңдай тер мен ұйқысыз күндер тұрады. Соның барлығына шыдап, өзін үнемі шыңдаған спортшы ғана шыңға шығады. Батырларымыздан тек жеңіс күтеміз, – деді Б.Нарымбетов.
Айта кетейік, жеңіске жеткен спортшылар: Қазакстан Республикасының Ұлттық құрама командасының мүшелері, Шымкент қаласының спортшылары Емельянов Сергей, Искакова Руфина, Токарницкий Сергей.

Гүлжауһар ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.