Ұйымдастырушылар жарыстың мақсаты қаламыздағы барлық этностарды, қала тұрғындарын бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтының төңірегіне топтастыру екенін атап өтті.
– Біздің күшіміз – бірлікте! Қашан да татулық пен ынтымақты ту еткен еліміз үшін өзге ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынаста өмір сүру маңызды. Еліміздегі болып жатқан өткінші қиыншылықты да бірге еңсереміз. Қиын-қыстау кезеңде қол ұшын, көмегін аямаған этномәдени бірлестіктердің мүшелеріне барша халық атынан алғыс айтамын. Бүгінгі жаппай жүгіру күнделікті әдетке айналуы керек. Қала халқын дене шынықтырумен айналысуға шақырамын, – деді өз сөзінде Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев.
Марафонға қатысушылар
5 шақырым қашықтықты оңай әрі жеңіл еңсеріп келді. Көбі 15-20 минутта мәреге жетті. Алғашқы болып №2 спорт мектебінің жаттықтырушысы Азизхан Камилжанов жетті.
Іс-шара соңында қатысушылардың барлығына тиісті сертификаттар табысталды.
Салтанат ЖАМАЛДИНОВА