— Халықаралық турнирге 6 жастан 16 жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Бұл спорт түрі Азия ойындары бағдарламасында бар. Бұған дейін мұндай турнир Астана қаласында өткен. Жалпы еліміздің бес қаласында өтіп, соңғы турнир Абу-Даби қаласында өтеді, — деді Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Маратбек Мықтыбеков.
Джиу-джитсу балаларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, шыдамдылық, қарсыластарын құрметтеуге және достық қатынасты нығайтуға зор септігін тигізеді. Бүгінде Шымкент қаласында джиу-джитсумен 200-ден астам спортшы айналысады. Бапкерлердің айтуынша, бұл спорт түріне қызығушылығы бар балалар қатары жылдан-жылға артып келеді.
Г.БАЛАБАСОВА