Жарыста 150 спортшы бақ сынады Избранное

Среда, 03 Апрель 2024 04:21 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 1080 раз

Шымкентте триатлоннан ELITE, U23, U19, U17 спринт, U15, U13 супер-спринт қашықтығы бойынша ҚР Чемпионаты өтті. Жарыста жалпы 10 команда, 150 спортшы бақ сынады. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қаласынан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облысынан спортшылар келген. Екі күнге созылған бәсекеде шымкентттік спортшылар жүлделі орындарды иеленді.

Sport-1

 

Шымкент қаласы денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов жарыстың ашылу рәсімінде қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Триатлон елімізде қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі. Шымкент қаласында триатлон жарыстары ұдайы өткізіліп келеді. Мұнда спортшыларға барлық жағдай жасалған. Осы жарысқа қатысушылар арасынан алда жоғары жетістіктерге жететін дарынды жастар шығатынына сенім білдіреміз. Жарыста тек мықтылар жеңіске жетсін, – деді басқарма басшысының орынбасары.
Аталған сайыс спортшыларды алдағы халықаралық тунирлерге іріктейтін жауапты сын болмақ. ҚР чемпионатының бағдарламасы бойынша жүзу сайыстары қайта жаңғыртудан өткен «Денсаулық» спорт кешенінде өтті. Ал веложарыс, жүгіру сайыстары Ташкент тасжолында өткізілді.

Sport


Сонымен, жерлестеріміз ел чемпионатында 1 күміс, 3 қола жүлде жеңіп алды. Атап айтқанда, U 17 ұлдар арасында Арсений Шевченко үшінші орынға ие болды. Ал U 19 жастар арасында Вероника Иванюк екінші орыннан көрінсе, Рамина Агабаева үшінші, әйелдер арасында Хафиза Гультураева да үшінші орынға ие болды.
Жалпы сайыс қорытындысында Ақмола, Түркістан облысы және Астана қаласының командалары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.