12 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫНА РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ ТАРАТЫЛДЫ Избранное

Среда, 13 Апрель 2022 03:48 Автор  Опубликовано в Дін Прочитано 39997 раз

Үшінші мегаполисте  қала әкімдігі мен ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бірлесіп ұйымдастырған «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жалғасуда. Бүгін «Ақмешітте» 750 отбасыға ауызашар есебінде азық-түлік себеттері таратылды. Игі іске Шымкент қаласының бас имамының орынбасары М. Естеміров, «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі А.Азимбаев қатысты.

150

 

–Қасиетті Рамазан айында адамдар көбірек жақсылық жасап, ізгі амал істеуге асығады. Қазіргі таңда қаламызда қайырымдылық шарасына атсалысып жатқан азаматтар көбеюде. Депутаттар, жеке кәсіпкерлер мен қала тұрғындары да өз көмектерін көрсетіп, қолдау көрсетіп жатыр. Күн сайын қалада 500-700 отбасына ауызашарға қажетті азық-түлік берілуде, - деді Мұхамеджан Естеміров.
Шаһардағы «Ақмешіт», «А. Қаттани», «Байғұт баба», «Нұр-Төбе» және «Әл-Біләл» мешіттерінде бір уақытта рамазан қоржыны таратылады. Дін саласының өкілдері биыл 30 мыңнан астам тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыға көмек берілетіндігі жоспарланғанын жеткізді. Қазіргі күні 12 мыңға жуық отбасына азық-түлік үлестірілген.
Өз кезегінде себет алушылар ұйымдастырушыларға және қайырымдылық акциясына қатысқандарға алғыстарын білдірді.

Айдана МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.