Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов мәлімдеді.

709

«Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті. Онлайн режимде өткен жиынға Шымкент қаласының әкімі, қалалық ҚХА төрағасы Мұрат Әйтенов, Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.

711

Ұранымыз – бірлік!

Пятница, 30 Апрель 2021 04:52

Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан астам этнос өкілдеріне ортақ Отан. Барлығымыз киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп келеміз.

704

Жасыратыны жоқ, осы кезге дейін дәулеті барлар ғана депутат болады деп ойлайтындар болған. Қазір де бар... Бола беруі де мүмкін. Бірақ мұның қасаң түсінік екенін сөзбен емес, іспен дәлелдей алғандар жетерлік. Жыл басында өткізілген Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша қолынан іс келетінінің нәтижесінде кейбір азаматтардың мандатты болып, мінберден көрінуі соның жарқын мысалы. Солардың бірі – Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев. Жас депутат содан бері қандай жұмыс атқарды? Биліктегілерге халықтың қандай аманатын жеткізіп жүр? Оның нәтижесі қандай? Бұл сұрақтарға жауап алу үшін Талғат Балтабаевпен тілдескен едік.

702

Құрметті қазақстандықтар!

«Әрбір алыс сапар алғашқы нық қадамнан басталады» дейді дана халқымыз. Мемлекетіміз Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, тәуелсіздігін алған алғашқы күннен бастап Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алдында бір ғана ұлы мақсат болды. Ол – көп ұлтты қазақстандықтардың басын бір шаңырақ астында топтастыру еді.

700

Нағыз әділеттің адамы

Среда, 28 Апрель 2021 06:26

«Шымкент келбеті» газетінің тұрақты оқырманы ретінде 9 сәуір күнгі №28 санында жарық көрген «Ғани Іләйұлы кім болған?» деген мақаланы оқып, ойға қалдым. Расында да Шымкентте есімі көшеге беріліп, кезінде ұлттың қамын жеген тау тұлғаларымыздың кім болғанын айтып отырмаса, өскелең ұрпақ білмейтіні анық. Осы орайда «Көшеңіз кімнің атында?» деген айдар дер езінде ашылған деп есептеймін. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсаты да осы – тарихты ұмытпау, ұлттық құндылықтарымызды түгелдеп, кейінгі жасқа дәріптеп отыру. Сондықтан осы айдарға мен де үлес қосуды жөн санадым.

tolendiev-nygmet

Бүгінгі жастар ерен еңбегін біле бермейтін азаматтың бірі – Нығмет Төлендиев. Шымкентте Нығмет атамыздың есімі көшеге берілген. Ол Ұлы Отан соғысының ардагері болатын. Жау шебін бұзып, ерлік жасағаны өз алдына, 1945 жылы Ұлы Жеңістен кейін елге оралып, судья, одан кейін 4 облыстық сотта төраға болған азамат жайлы біз айтып, жазбасақ, басқа кім айтады, кім жазады?

Нығмет атамыз ашаршылық пен соғысты басынан өткеріп, көп қиындыққа қайыспаған қайсар жан болатын. Ақыл-парасатының, білімі мен біліктілігінің арқасында қатардағы судьядан облыстық соттың төрағасы дәрежесіне дейін өсіп, қарапайым мұғалімнен ұлағатты ұстаз деңгейіне көтерілді, халықты заңды сыйлауға тәрбиеледі. Оқырманға ой салатын оннан астам кітап жазды. Құқық қорғау саласына қызыққан жастарды сот-құқық саласына қатысты және әскери-патриоттық тақырыптарда әңгіме, очерк, деректі повестер, тарихи роман жазу арқылы тәрбиеледі. Содан болса керек, 1960-2000 жылдары Нәкеңді жұрттың көбі танитын және білетін. Көзін көргендер «Төлендиев нағыз әділеттің адамы еді» деп еске алады. Оның адалдығы мен әділдігі, еңбекқорлығы, ізденімпаздығы мен жастарға деген қамқорлығы туралы шымкенттіктер арасында осы күнге дейін жыр қылып айтатындар көп. Бұл – судьяға берілген ең жоғары баға.

Н.Төлендіұлы 1922 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылында туған. 1940 жылы Түрген педагогикалық училищесін бітірген соң бастауыш мектепте мұғалім болып еңбек жолын бастап, кейін 40 жыл заң саласында еңбек етті.

Ол 1941 жылы соғысқа аттанып, Смоленск жерінде жау шебін бұзып, ерлік жасаған. 1943 жылы бір шайқаста тура жүрек астынан тиген оқ арқасынан тесіп шығып, бір жылдай госпиталда емделіп, қайтадан соғысқа сұранады. 1945 жылы 25 қыркүйекте елге оралады. Содан Алматыда екі жылдық заң мектебін мерзімінен бұрын үздік бітіріп, 1948 жылы Алматы облысының Қаскелең ауданында халық сотының судьясы қызметіне кіріседі.

Сол бір қиын-қыстау жылдары Қаскелеңде өзі судья, өзі төраға болады. 1953 жылы еліміздің Әділет министрлігінде бөлім бастығы қызметін атқара жүріп, Алматы Заң институтын сырттай оқып, үздік бағамен тамамдап, 1955-1962 жылдары Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық, 1962-1964 жылдары Оңтүстік Қазақстан өлкелік (Қызылорда, Жамбыл, Шымкент облыстары) соттарына төрағалық етеді. Ал 1964 жылдан 1986 жылға дейін Шымкент облыстық сотының төрағасы, облыстық әділет басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.

Н.Төлендиев Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен, тағы басқа көптеген медальмен марапатталған. Сот, әділет салаларындағы жемісті еңбегі және заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, бірнеше рет Жоғарғы Кеңес Президиумының, министрдің Құрмет Грамоталарымен наградталған. Оның «Ар туралы аңыз», «Терезедегі таңба», «Айсыз түн операциясы», «Әділет атымен», «Белгісіз екеу», «Қазақтың Шерлок Холмсы» повестері мен «Война, исчезни навсегда» және «Күнгей мен көлеңке» жинағы, «Қазақтың қос батыры» тарихи романы, т.б. кітаптары жарық көрген. «Жақсының аты өлмейді, жазушының хаты өлмейді» деген осы болса керек.

Мен Нәкеңнің 90-жылдары зейнеткерлікке шыққан соң да қоғамдық ұйымдардың жұмысына белсене араласып, өмірінің соңына дейін қаладағы, облыстағы түрлі жиындар мен іс-шараларға қатысып, басылымдарға заң, тарих туралы өзінің ой-пікірлерін жазып тұратынына куә болдым.

Нәкең 80 жасқа толғанда Ұлы Отан соғысының ардагері, өзімен құрдас әрі көп жылдар бойы қызметтес болған, «Құрметті судья» атағының иегері Айтжан Бекназаров жергілікті басылымда жарық көрген мақаласында: «Нығмет әділеттіліктің адамы еді. Осы жолда ол сол кездегі партияның қаҺарынан да тайсалмайтын. Ол кездегі коммунистік партияның тізгінін ұстап отырғандар, сөз жүзінде әділеттілікті талап еткенімен, іс жүзінде сот жұмысына араласып, оны теріс іске мәжбүрлейтін. Нәкең мұндай әділетсіздікке көнбей, өзінің заңға сүйенген пікірін тайсалмай дәлелдеп шығатын. Оның қанына біткен қасиеттің бірі – ой үстінде, ізденіс үстінде жүретін адам. Ол Кеңестер Одағының батыры Тоғанбай Қауымбаевтың әңгімесінен генерал Сабыр Омарұлы Рахимовтың Тоғанбайдың көз алдында қайтыс болғанын біліп, тарихи мәліметтерге негізделген «Қазақтың қос батыры» атты деректі роман жазды» деді.

Нәкеңнің қолында облыстық сотта, Әділет басқармасында қызмет істеген, қазіргі кездегі ардагер-судьялар С.Қамытбай, Б.Уалиханов, А.Сағындықова өздерінің ұстазы туралы: – Ұстаздық қасиет қанына сіңген
Н.Төлендіұлы сот қызметкерлеріне заңды қалай дұрыс оқу, түсіну және түсіндіру, орындалуын қалай жүзеге асыру керегін үйретуден жалықпайтын. Мекемелерден, азаматтардан заңды немесе оның кейбір баптарын түсіндіру жөніндегі күрделі сұрақтар мен тапсырмалар келгенде, оны басқаға тапсыра салмай, өзі сол шаң басып жатқан журналдарды ақтарып, тиісті заңдарды тапқанына қуанып, бізге көрсетіп, жаны рахаттанып, жауапты өзі дайындайтын. Бізге заңдарды қалай іздеуді, оларға неге осылай түсінік бергенін айтып, «Әр сауалды ерінбей-жалықпай, оған қайтып оралмайтындай етіп шешіңдер» деп үйрететін. Ол кісінің ізденімпаз қасиетіне сүйсініп, біз одан тәлім алуға тырысатынбыз. Заңгер ретінде оның беделі өте жоғары еді.

Облыс деңгейінде заңның орындалуына байланысты туындаған сұрақтар ол кісісіз шешілмейтін. Күрделі істер бойынша прокуратурадан, ішкі істер басқармасынан мамандар келіп, кеңес алып кететін. Нәкең судьяларға «Заңның орындалуын жүзеге асыратын адамның өзі таза, ой-пікірі әділ болуы керек» деп айтатын.

Қазақтың «Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің ары, білімі бар» деген қанатты сөзі ар-намысын жоғары ұстап, жерін жаудан қорғап, ел мен бидің жүгін көтеріп, 40 жыл қара қылды қақ жара қазылық еткен Н.Төлендиевтей төбе билерге арналған сөз екені даусыз!

Ол кісі өмірден өткен соң облыстық сот пен әділет департаменті тарапынан Н.Төлендиевті дәріптеу мақсатында бірқатар іс-шара іске асырылды. 1990-2000 жылдары сот қызметкерлері мен заңгерлер шығарған кітаптарда Нығмет ағамыз туралы кеңінен жазылған. Шымкент қалалық соттың мұражайында Н.Төлендиевке арналған стенд бар.

2014 жылы Ұлы Жеңістің 69 жылдығы қарсаңында сол кездегі ОҚО сотының төрағасы Н.Шәріпов Ұлы Отан соғысының ардагері, Оңтүстік Қазақстан өлкелік және Шымкент облыстық соттарын ұзақ жылдар басқарған, облыстың Құрметті азаматы, заңгер-жазушы Нығмет Төлендиевтің есімін ел есінде сақтау мақсатында оның бұрынғы тұрған үйіне (Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі, №8 үй) мемориалды тақта орнату және қаладағы бір көшеге оның есімін беру туралы қала, облыс әкімдеріне ұсыныс хат жазған болатын.

Бұл ұсынысты жергілікті атқарушы органдар мен қалалық мәслихат  қолдап, сол жылы Н.Төлендиевтің бұрынғы тұрған үйіне мемориалды тақта орнатылса, келесі жылы Шымкентте Төлендиевке көше аты берілді.


Қабыл ДҮЙСЕНБИ,
Шымкент қалалық сотының баспасөз хатшысы,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «SmartSet International Ltd» компаниясының өкілдерімен кездесті. Жиында венгерлік компанияның құрылтайшысы және басқарма төрағасы Барнабас Ревеспен ынтымақтасты дамыту, инвестициялар тарту мәселелері талқыланды.

vengria-investor

Бұл компания IT кеңес беру, медициналық мекемелерді жобалық қаржыландыру және басқару, сондай-ақ, әлемнің көптеген елінде медициналық қызметтердің толық спектрін ұсынуда үлкен тәжірибеге ие. IT бағдарламалау, инвестициялар және медициналық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жобаларды кешенді басқаруды жүзеге асырады.

Кездесуде тараптар денсаулық сақтау және IT технологиялар саласында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Қала әкімі венгриялық компанияның Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау және ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларға деген қызығушылығы үшін ризашылығын білдірді.

– Венгрия – Қазақстанның Еуропадағы маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі. Әрі бауырлас халық. Үшінші мегаполис атанған Шымкентте инфрақұрылым дамыған, барлық жағдай бар. Қаланың Орта Азияда инвестициялар, технологиялар және зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығы болуы үшін әлеуеті жеткілікті. Сіздердің тараптарыңыздан жоспарланған инвестициялық жобалар – көпсалалы аурухана, денсаулық сақтау орталығы, адам ДНҚ-сының құрылымын зерттейтін заманауи зертхана (генетикалық инженерия) және медициналық жабдықтар өндірісі сияқты инвестициялық жобалардың маңызы зор. Біз өз тарапымыздан инвестициялық жобаларды іске асыруда көмек пен қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді қала әкімі.

Компания Шымкент қаласында денсаулық сақтау және IT саласын дамыту бойынша бірқатар жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Өз кезегінде Барнабас Ревес мырза үшінші мегапоистің мүмкіндіктерін жоғары бағалап, қала басшылығына алғысын жеткізді.

– Бүгінгі кездесу екі жаққа да тиімді болады деп ойлаймын. Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, біз екі жақтың да мүддесі үшін тиімді және табысты жұмыс істей аламыз. Біздің осы бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде заманауи медициналық жабдықтар,жоғары кәсіби ауруханалар, жоғары IT-технологиялар бойынша денсаулық сақтау саласын дамытуда жобаларды іске асырамыз деп ойлаймын, – деді венгриялық инвестор.

Айта кетсек, «SmartSet International» компаниясы елімізде денсаулық сақтау және IT жобаларға инвестиция салуды жоспарлап отыр. Инвестициялардың көлемі жылына шамамен 100 миллион АҚШ долларынан асады.

Байқау жариялайды

Вторник, 27 Апрель 2021 11:49

Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Шымкент қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу бойынша байқау жариялайды.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының (әрі қарай – Заң) 9-бабына сәйкесШымкент қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Шымкент қаласының Қоғамдық кеңес құрамынан шығып қалған мүшелерінің 5 бос орнына және қосымша 2 орынға орналасуға (2022 жылдың наурыз айына дейін) азаматтық қоғам өкілдері арасынан іріктеу бойынша байқау жариялайды.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Байқау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес өткізіледі.

Заңның 10 – бабына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері 2021 жылғы 28 сәуір мен 13 мамыр аралығында Шымкент қаласы мәслихатының аппаратына төмендегі (Шымкент қаласы, N.Nazarbayev даңғылы, №10, №207 бөлме, байланыс телефоны: 24-74-71, сағат 09:00-ден – 19:00-дейін (үзіліс сағат 13:00-ден – 15:00-ге)) келесі құжаттарды қолма-қол береді немесе Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекенжайына жібереді:

      1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

      2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

      3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

      4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

 

Заңның 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

Страница 2 из 465