Әлеуметтік осал топтағы 81 отбасының үйіне газанықтағыш құрылғылары қойылып, қалада есепке алынған 2222 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының барлығына үгіт насихат жұмыстары жүргізілген. 3541 адамға жадынама парақшалары таратылды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қайта аралау жұмыстары әлі де жүргізілуде. Бұл туралы жылу беру маусымы алдындағы Шымкент қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының есебінде айтылды.

jilitU

Адам өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде бір әлеуметтік топтың өкілі болып табылады. Сол сияқты, мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің өкілі. Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатыны анық. Мемлекеттік биліктің беделі, абыройы, кәсібилігі, оған деген қоғам тарапынан сенім мемлекеттік қызметшілерге тікелей байланысты. Өйткені, мемлекеттік қызметші өзінің іс-қимылымен әдептіліктің, адалдықтың және сенімділіктің үлгісін қалыптастырып, ерекшеленеді. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қойылады.

«Шахмат – ақыл-ойдың спорты»

Пятница, 04 Октябрь 2024 05:58

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев өзінің 2024 жылы 2 қыркүйекте жолдаған Жолдауында жастарымыздың дені сау, мықты болып өсуі үшін спортты дамытуға ерекше мән беру керектігін айтып өткен еді. Осы Жолдау аясында Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіндегі №8 Отбасылық кітапхана бөлімшесінде тұрақты оқырмандардың қатысуымен «Шахмат – ақыл-ойдың спорты» атты кездесу кеші өтті.

Сібір жарасы мал және жабайы жануарлардың жіті түрде өтетін аса қауіпті жұқпалы ауруы. Сібір жарасы адам мен жануарға ортақ ауру. Осы аурудан өлген жануарларды сойып ішін жаруға болмайды. Себебі өлген немесе сойылған ауыл шаруашылығы жануарларының терісі, еті, жүні т.б. арқылы індеттің ауру қоздырғышы сыртқы ортаға таралады. Жануарлардағы сібір жарасы келесі ерекшеліктермен сипатталады: дене қызуының көтерілуі, қан қысымының төмендеуі, қанды іш өту және құсу. Жануар құлайды, ауыз қуысынан, мұрыннан, анустан қан бөлінеді. Жануардың терісінде жара, ісіну болуы мүмкін. Өлген жануардың қаны қара май түсті болады, ұйымайды.
Аталған белгілерді байқаған жағдайда шұғыл түрде Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» МКК-на хабарласуыңызды сұраймыз.
Байланыс нөмерлері: 8 (72-52) 45-05-05,45-05-22;

Мақала шет тілін оқытудағы «бағыт», «әдіс» ұғымдарына, қандай бағыт-әдістер бар екеніне, соның ішіндегі қатысымдық немесе коммуникативтік бағытқа арналған. Білім берудегі бағыт терминін ғылыми ортаға ағылшын әдіскері А. Энтони зерттеушінің тіл табиғаты мен оны меңгеру тәсілдеріне қатысты қолданатын бастапқы ережелерді білдіру үшін енгізген болатын.

АКАДЕМИКТЕР МЕКТЕПКЕ КЕЛДІ

Пятница, 04 Октябрь 2024 05:55

Шымкенттік ғалымдар, техника ғылымдарының докторлары Керімжан Сейітжанов, Серікжан Сейітжанов және Әлімжан Құртаев мұғалімдер күні қарсаңында өздері туып өскен Отырар алқабындағы «Шілік» орта мектебіне арнайы барды. Мектеп Сейітжан Есжанұлы Құртаев атымен аталады.

akademik

Бүгінгі театр туралы түсінік әртүрлі. Талғам да ала-құла. Әлдеқандай жаңа қойылым шықты дегенді естігенде-ақ, көруге асық көрермен ертесінде жеке пайымдарын әлеуметтік желіге оңай жаза салады. Оның ар жағындағы еңбекті, қажырды да көп ескере бермейді. Театр өнерінің ішіндегі бекзаты деп режиссерлық шешімдері өзгеше болған, өткеннің өрнегін айтып жатады. Сағынады. Қазақ режиссерлерінің ішінде осы бағытта еңбек етіп, дара жолын салған, көрерменнің махаббатына бөленген Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының режиссері болған, ҚР Халық артисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Ерғали Оразымбетов туралы әңгіме өрбітетін боламыз.

teatr

b2cc6cff-1f69-4423-a789-c266d284f3f7

«Орайлы сәтті пайдаланып, бірқатар өзекті мәселеге тоқталғым келеді. Бірнеше күннен кейін өтетін жалпыұлттық референдумда халқымыз Қазақстанда атом электр станциясын салу қажет пе, әлде қажет емес пе деген мәселені шешеді. Дауыс беру нәтижесі қандай болса да, бұл – айтулы уақиға. Алдағы референдум – Қазақстанда соңғы бес жылда болған ауқымды өзгерістердің тағы бір мысалы, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі. АЭС құрылысына қатысты өз ұстанымымды бұған дейін бірнеше рет айттым. Әлемдегі прогрестен шет қалмау үшін біз бәсекелестікте өз артықшылықтарымызды пайдалануымыз керек. Азаматтар қолдап дауыс берсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Атом электр станциясын салу – ұзақмерзімді жоба. Бірақ бұл бастама еліміздің орнықты дамуын онжылдықтарға ілгерілетеді, сондай-ақ инженерлер шоғыры мен әртүрлі бейіндегі мамандар легін даярлауға жағдай жасайды. Біз технологияны жетік меңгерген ұлтқа айналуымыз керек деп бұған дейін айтқанмын. Заман талабы осындай. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Оның пайдасын қазіргі жастарымыз бен болашақ ұрпақ көреді. Осы ретте АЭС құрылысына қолдау білдіріп жатқан Халықтық штабтың жұмысын ерекше атап өткім келеді. Штаб саяси партиялар мен түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ ғалымдарды, сарапшыларды, өндіріс мамандары мен кәсіпкерлерді біріктірді. Азаматтардың ұйысып, ортақ іске жұмыла кірісе алатынын көрсетті. Дамуға ұмтылыс – ұлтымыздың ең жақсы қасиеттерінің бірі. Сондықтан біз ешқандай қиындыққа қарамастан, алға қарай батыл қадам басуымыз керек. Өткен кезеңге ұдайы қайырылып, өкінішті еске алудың, өзгеге өкпе арта берудің қажеті жоқ. Келешекке сеніммен көз тіккен жөн. Әйтпесе, өсіп-өркендеу жолындағы әлемдік бәсекеде көш соңында қаламыз. Тағы да қайталаймын. Алдағы референдум тәуелсіздік жылдарындағы ең маңызды уақиға болады және еліміздің одан әрі дамуына оң әсер етеді».⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
t.me/aqorda_resmi

Страница 3 из 907