Әр апта сайын мегаполис әкімі Арыста болып, қалпына келтіру жұмыстарының қарқындылығы мен сапалы жүргізілуін қадағалайды. Зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді жөндеу жұмыстарының барысын тексереді.
Сонымен бірге, қала басшысы құрылысшылармен кездесіп, белгіленген мерзімде жұмысты аяқтау қажет екенін айтып, қарқынды күшейтуді тапсырды.