Еске сала кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен 16-17 тамыз күндері республика көлемінде «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын және олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету. Қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту. Азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру, жол апаты келеңсіздіктерінің алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, миграциялық заңдылықты сақтау, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру.
«Жолда қабылдау» республикалық акциясы 17 тамыз күні сағат 9-00-ден кешкі сағат 19-00-ге дейін жалғасты.