Халықаралық олимпиададан жеке сайыс нәтижесі бойынша Шымкент қаласынан үш оқушы жүлделі орындарға ие болады. Олардың үшеуі де – Zerdeli International School-дың оқушылары.
4-сынып оқушысы Тұрапбай Мұхаммедали 1-орын, 5-сынып оқушысы Әшірбай Бекарыс мен 3-сынып оқушысы Жарылқап Аңсар 3-орын алды.
Ал, топтық сайыс бойынша Тұрапбай Мұхаммедали мен Әшірбай Бекарыс бас жүлде иегері атанды.
Олимпиадаға Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Беларусь, Франция, Чехия, Швеция, Польша, Ресей және Индонезия мемлекеттері қатысты.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі