1200 ГЕКТАР АУМАҚ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛАДЫ Избранное

Среда, 12 Июнь 2024 06:39 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 232 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде жұмыс орындарын құру, бюджеттің атқарылуы, көктемгі егіс жұмыстарының қорытындысы баяндалды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы К.Тұрлыбеков Тұжырымдамалар мен Даму жоспары шеңберінде жұмыссыздықты төмендету мақсатында 2024 жылға азаматтарды жұмыспен қамту шаралары бойынша баяндама жасады.

ApparAk

 

Биыл 56,9 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Меже әзірге 32,4%-ға орындалып отыр. Бұл ретте қала әкімі ауыл шаруашылығы және ветеринария, білім, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармаларының басшыларына азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету бойынша нақты тапсырмалар берді.
Аппарат мәжілісінде Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т.Мекембаев көктемгі егіс жұмыстарын баяндады. Бүгінде жалпы егіс көлемінің 26,5 мың гектарына дақылдар егілді, алқаптан 86,0 мың тонна өнім жиналады деп күтіліп отыр. Көктемгі егіске бөлінген 35,9 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай тауар өндірушілеріне үлестірілуде. Жоспарға сай 1200 гектарға жуық аумақта химиялық залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Қала әкімі залалсыздандыру шараларын саябақтар мен гүлзардарда да жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, қаңғыбас иттер мен мысықтардың баспанасын қолданысқа беру процесін тездетіп, өзекті мәселені шешу бойынша тапсырма берді.
Қала басшысы жауаптыларға халық қауіпсіздігі үшін қала аумағындағы көпірлердің жағдайын қатаң қадағалауды, апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді жою мақсатында қолға алынған «Реновация» бағдарламасын жүзеге асыруды, Көксай елдімекеніндегі ретсіздіктерді қалпына келтіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ ӨРШІП ТҰР Өрендер топ жарды »