Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасады. Жыл соңына дейін жалпы 87 көшеге 48,8 шақырым асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Аудан аумағындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Былтыр 30 көше мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жарықтандырылды. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан жарықтандырылған 18 көше энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының теңгеріміне өтті. Ал, 2025 жылға дейін 150-ге жуық көшені жарықтандыру жоспарланып отыр.