АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Избранное

Пятница, 22 Сентябрь 2023 03:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 330 раз

Шымкенттегі қалалық №4 перинаталдық орталықта «Сәби – шаңырақ шаттығы» акциясы өткізілді.
Қаратау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада «Отбасы күні» мерекесі қарсаңында дүниеге келген сәбилер мен аналарына құрмет көрсетілді. Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов, қалалық мәслихат депутаты Асқар Молдабек аналарды құттықтап алғыс хат пен сый-сияпат табыстады.

232

 

–Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің ұйытқысы – аналар. Адамзат ұрпағымен мәңгілік. Сәбилі болу, іргелі отбасын құру, адамның рухани өміріндегі үлкен жеңістерінің бірі. Сондықтан да еліміздің демографиясына үлес қосып жатқан барша аналарымызға алғыс білдіреміз, – деді аудан әкімі.
Айта кетейік, перинаталдық орталықта «Отбасы күні» қарсаңында 10 нәресте өмірге келген. Оның алтауы қыз бала болса, төртеу ұл бала екен. Мұндай құрметті күтпеген аналар зор ілтипатқа рахметін айтып, ризашылығын білдірді.

Г.БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.