Сәбидің кеуде қуысын рентген арқылы тексерген дәрігерлер оның оң жақ көкірегіндегі жарықты анықтаған. Алғашқы қойылған диагноз бойынша сәби анасымен бірге ауруханаға қабылданып, араға екі күн салып, сараптамалары толық дайын болған соң, ашық түрде күрделі операция жасалды.
– Ота барысында өкпе тұсына қарай өткен ішек бөлігі хирургиялық әдіспен іш қуысына түсіріліп, көкірек тұсындағы жарық тігілді. Операция 1,5 сағатқа созылды. Отадан кейін балақай бір күн жансақтау бөлімінде бақылауда болып, келесі күні палатаға ауыстырылды, – дейді дәрігер-хирург Қайрат Ізбасов.
Білікті хирург Қайрат
Ильясұлының айтуынша, сәбидің көкірек тұсындағы жарықтың көлемі 1,5 см болған. Жарық туа біткен және бала анасының құрсағында жатқанда пайда болған деген болжам бар. Яғни, дәрігерлер бұл өздігінен пайда бола бермейтін, сирек құбылыс екенін алға тартып отыр.
Бүгінде кішкентай науқастың жағдайы қалыпты. Анасымен бірге үйіне шығарылды. Дәрігерлер алдағы уақытта қосымша ота жасаудың қажеті жоқ екенін айтып отыр.