ШЫМКЕНТ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕРПІЛІС ЖАСАУЫНА ҮЛЕС ҚОСАРЛЫҚ ӘЛЕУЕТКЕ ИЕ ҚАЛА
Среда, 20 Сентябрь 2023 06:50Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында «Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда» деді.
Бүгінде Шымкент қаласында да экономиканың нақты секторын дамыту және әртараптандыру бағыттары бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Мұны қаланың өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласындағы дамуының 7 айдағы қорытындыларына қарап та айтуға болады.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – ҚОҒАМҒА ОРТАҚ МІНДЕТ
Среда, 20 Сентябрь 2023 06:46Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға арналған эксперттік кездесу өтті.
Тамыры терең бәйтерек
Среда, 13 Сентябрь 2023 04:33Бейсбековтер әулеті ұлттық байқаудың лауреаты атанды
«Мерейлі отбасы - 2023» ұлттық байқауы Астана қаласында қорытындыланып, жеңімпаздарды марапаттау салтанатты түрде өтті. Республика бойынша конкурсқа қатысуға 3 344 отбасы өтініш берген болса, солардың арасынан үздік атанған 20 отбасы елорда төрінде бас қосып, құрметке бөленді. Бұлардың әрқайсысы өз өңірлерінде байқау жеңімпазы атанған әулеттер. Ұлттық байқауда лауреат атанғандардың қатарында Шымкент қаласынан Бейісбековтер отбасы да бар.
ШЫМКЕНТ – ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ОРТАЛЫҒЫ
Пятница, 08 Сентябрь 2023 04:44Шымкентке арнайы іссапармен келіп, қала әкімін тағайындау жиналысына қатысқан ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мегаполистің жаңа әкімі Ғабит Сыздықбековке бірқатар міндеттер жүктеді. Үкімет басшысы қаладағы өнеркәсіп және кәсіпкерлікті дамыту ісінің нәтижелерін оң бағалап, Шымкенттің қолайлы экономикалық және іскерлік ортасы болуы тиіс екенін ескертті.
Бахадыр АЙТАЙ, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты: «ОТАРСЫЗДАНДЫРУ ПРОЦЕСІН ТОЛЫҚ АЯҚТАМАЙ ЖӘНЕ ТІЛІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫН МЫҚТАП БЕКІТІП АЛМАЙ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУІ ҚИЫН»
Пятница, 08 Сентябрь 2023 04:34–Бахадыр Сатыбалдыұлы, Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайдың Түркістан қаласында өткен екінші отырысында «Қазақстан тарихының жаңа ғылыми ұстанымдарға сай әзірленген көп томдық жинағын» әзірлеудің маңызына тоқтала келіп, әзірленіп жатқан жеті томдық еңбекте «осыған дейін жіберілген тұжырымдамалық қателіктер мен кемшіліктер қайталанбауы қажеттігін» атап өтті. Президенттің айтып отырғаны қандай қателіктер мен кемшіліктер?
АТА ЗАҢ – ҰЛЫ ДАЛА ШЕЖІРЕСІ
Пятница, 01 Сентябрь 2023 09:29
Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің құқықтық жүйесінің ғана емес, бүкіл мемлекеттілігіміздің негіздерінің бірі. Шымкенттегі «Түркістан» сарайында 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесіне арналған салтанатты шарада сөз сөйлеген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.
— Ата Заң – барша адамдардың тең құқықты болуының кепілі, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қайнар көзі. Сол себепті Конституция күнін бүкілхалықтық мереке деп айтуға толық негіз бар, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Ол Мемлекет басшысының елімізді саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жаңғыртып, Әділетті Қазақстанды қалыптастыру мақсатында жүйелі реформаларды жүзеге асырып келе жатқанына тоқталып өтті.
—Ұлттық жаңғырудың берік құқықтық негізін қалау мақсатында өткен жылы бүкілхалықтық референдум өткізіліп, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Референдум нәтижесінде Қазақстан суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшіп, билік тармақтары арасында өкілеттіліктер қайта бөлінді. Әсіресе, Парламенттің рөлі күшейіп, мәртебесі артты. Арада өткен бір жылдың ішінде Ата Заңға енген өзгерістерді қолданысқа енгізу мақсатында бірқатар Конституциялық заңдар мен Кодекстер қабылданып, күшіне енді. Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы алғаш рет аралас жүйе бойынша өтіп, халыққа етене жақын, ықпалды әрі іскер депутаттық корпус қалыптасты.
Осының барлығы елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, қоғамда ашықтық пен жариялылықтың орнауына жол ашып отыр, – деді М.Әйтенов.
Шаһар басшысы Конституцияға енгізілген өзгерістер мен Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы» жергілікті әкімдіктердің де халықтың алдындағы жауапкершілігін арттырып, тұрғындармен байланысын күшейте түскенін атап өтті.
—Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейте түсті. Атап айтар болсақ, Конституциялық Сот институты қалпына келтірілді және Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институтының өкілеттілігі мен рөлі айқындалды.
Бір ауыз сөзбен айтқанда, бүгінде Қазақстан құқықтық-демократиялық дамудың жаңа бір кезеңін бастан өткізіп жатыр. Азаттығымыздың айшықты айғағына айналған Ата Заң — тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы. Референдумда халықтың өзі дауыс беріп қабылдаған өзгерістер арқылы Конституциямыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылып отыр, – деді қала әкімі.
Салтанатты шарада еліміздің дамуы жолында талмай қызмет атқарып жүрген бірқатар азаматтар түрлі марапаттарға ие болды.
Мұнан әрі қарай салтанатты шара «Ұлы Дала шежіресі – Ата Заң» атты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Онда сонау Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның «Жеті жарғысынан» бері қарай жалғасып келе жатқан құқықтық мәдениет пен мемлекеттілігіміздің терең тарихы сахналандырылған қойылым арқылы көрермен назарына ұсынылды.
Сонымен қатар, концертте әлемдік деңгейде танымал опера әншісі Майра Мұхаммедқызы бастаған шымкенттік әртістер өнер көрсетті. Өнерпаздар халық әндері мен күйлерін, патриоттық әндерді нақышына келтіре орындап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Қазақ-тәжік қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілді
Пятница, 01 Сентябрь 2023 08:58
Орталық Азия аймағы елдерімен тату қарым-қатынас және ынтымақтастықты дамыту – Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Сондықтан мемлекет бұл елдермен үнемі тығыз байланыста болып, әріптестікті нығайта түсуге ұмтылып келеді. Мұның жарқын көрінісін біз жақында өткен Қазақстандағы тәжік мәдениеті күндері мен оған Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның арнайы келуінен көріп отырмыз.
Бауырлас елдің Президентінің елімізге сапары Ақордадағы шағын құрамдағы келіссөздерден басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықты нығайту үшін бұл сапардың маңызы зор екенін атап өтті. Өз кезегінде Эмомали Рахмон көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдірді.
Президенттер барлық са саладағы екіжақты ынтымақтастықтың, соның ішінде су және энергетика кешеніндегі өзара іс-әрекеттің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
– Су және энергетика салаларындағы міндеттемелерді орындауға, атап айтқанда, Қазақстанға су және электр энергиясын жеткізуге байланысты шешімді уақтылы қабылдағаныңыз үшін Сізге және барша тәжік тарапына алғысымыз шексіз. Қазақстан өз тарапынан Сіздің алдыңғы сапарыңыз кезінде өзара келіскен барлық міндеттемені орындап жатыр, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тәжікстан Президентінің мамыр айындағы сапары кезінде қол қойылған өзара іс-қимыл туралы декларацияның сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Тәжікстан Президенті де екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайына жоғары баға берді.
– Тәжікстанның мәдениет күндерін және көрмесін, сондай-ақ еліміздің ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп секторы өнімдерінің жәрмеңкесін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өткізуге қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын. Бұл шараларды Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың, стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың үздіксіз дамуының бір белгісі деп бағалаймыз. Бұл шаралар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толған кезеңде өтуінің өзіндік мәні бар. Бүгінде елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың өзара түсіністік, жоғары құрмет пен сенімге негізделгені қуантады. Байланыстарымызды одан әрі нығайту Тәжікстанның сыртқы саясатының негізгі басымдығы болып қала береді, – деді Эмомали Рахмон.
Әңгімелесу барысында сауда-экономика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, қаржы және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-әрекетті одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Айта кетейік, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылы 7 қаңтарда орнатылды. Тәжікстан Республи Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынас негіздері туралы шартқа қол қойылды.
Қазақстанда 1993 жылы маусымда Тәжікстанның дипломатиялық өкілдігі ашылды, ал Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі Душанбеде 1998 жылғы сәуірде дербес миссия ретінде жұмыс істей бастады және 2001 жылы елшілік мәртебесі берілді.
Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан мен Тәжікстан көпғасырлық тарихи және мәдени дәстүрлері бар достық пен бауырластық қатынастарын дәйекті түрде дамытып келеді.
Мәселен, 2015 жылы Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы өзара тауар айналымы көлемі 752,5 млн долларын құраған болса, 2021 жылы коронавирус пандемиясына қарамастан бұл көрсеткіш 791,4 миллион долларға жеткен болатын. Ал, биылғы 6 айдың өзінде тауар айналымы 500 миллион доллардан асқан. Бұл ретте өзара сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға дейін арттыру жоспарланған.
Тәжікстаннан елімізге жеткізілетін импорттың негізгі бағыттары – электр энергиясы, мақта, алюминий және одан жасалған бұйымдар, кен, жеміс-көкөніс өнімдері және тоқыма материалдары болып отыр. Ал, Қазақстаннан Тәжікстанға – астық және ұн өнімдері, жануарлар мен өсімдіктерден алынатын майлар, тұз, күкірт, белсенді органикалық заттар және құрылыс материалдары тасымалданады. Мұнай өнімдері, қара металдар, бейорганикалық химия өнімдері де айтарлықтай үлкен көлемде жеткізіледі.
2018-2022 жылдар аралығында Қазақстан Тәжікстан Республикасының экономикасына 622,7 млн доллар инвестиция салған. Қазақстандық инвестициялардың қатысуымен Тәжікстан аумағында 84 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, олардың 15-і толығымен қазақ инвесторларына тиесілі.
Шағын құрамдағы кездесулерден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерінің ашылу рәсіміне қатысты. Шара екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Шара аясында Президенттер «Астана Опера» театрында ұйымдастырылған Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралап көрді. Содан кейін екі ел басшылары Тәжікстан өнерпаздарының концертін тамашалады және Астана қаласының Бас мешітіне барып, Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің сәулетімен танысты. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесін де аралап көрді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Астанадағы Цифрлық үкімет кеңсесіне барып, отандық IT-шешімдермен танысып шықты. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин президенттерге мемлекеттік органдардың азаматтармен тиімді қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін IT-платформалар жөнінде мәлімет берді.
Кездесу қорытындысы бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат аясында Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Тәжікстанның Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігімен электрондық үкімет платформасын жүзеге асыру тәжірибесін бөліседі.
Сондай-ақ, ынтымақтастық аясында тәжік мамандарын Қазақстанның алдыңғы қатарлы IT-мектептері мен ғылыми-зерттеу институт тарында оқыту мүмкіндігі қарастырылады. Эмомали Рахмон Тәжікстанда цифрлық технологияларды дамыту ісіне қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.
Шымкент қаласында да Тәжікстанның мәдениет күндері жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Көрме» орталығында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және ұлттық өнер көрмесі, ал, Қажымұқан атындағы орталық стадионда ауыл шаруашылығы және ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтті.
Қала тұрғындары Тәжікстанның ұлттық тағамдарымен танысып, дәм татып, тәжік халқының өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.
Бауырлас елден келген делегация 2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласының тарихымен де танысты. «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде Тәжікстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Хакимзада Құрбан және қала әкімі Мұрат Әйтенов болды. Қонақтарға экскурсияда тарихи және мәдени ескерткіштер, қазақтың қолөнершілер ауылында ұлттық бұйымдар мен тағамдар таныстырылып, гид-экскурсоводтар археологиялық қазба орындардың терең тарихынан хабардар етті.
Оған қоса Шымкенттегі «Түркістан» сарайында тәжік мәдениет майталмандары мен өнер жұлдыздарының концерті өтті. Мәдени шараны Тәжікстан Республикасы мәдениет министрі Зульфия Давлотзадо, ауыл шаруашылығы министрі Құрбан Хакимзадо және Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те тамашалады.
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары сонау Рудаки мен Фердаусиден басталып, кешегі Садриддин Айниге дейін үздіксіз жалғасып жатқан мың жылдық бай әдебиет пен мәдениеттен сусындап, ізгілігі қайталанбас руханият пен көркемдігі тамсандырар саф өнер туындыларынан ләззат алды.
Концертте керней мен сырнайдың, дутар мен танбурдың, рубаб пен дойраның сүйемелдеуіндегі тәжік халқының шашмаком деп аталатын дәстүрлі әндері шырқалып, ұлттық би ансамблі мың бұралып би билеп, бар өнерін ортаға салды. Сонымен қатар тәжікстандық өнерпаздар концертте классикалық музыка туындылары мен заманауи эстрадалық әндерді де тамылжыта шырқады.
Концерттің соңында өнерпаздарға Шымкент қаласы әкімдігінің ықылас гүлі тапсырылды.
Иә, осылайша адамзаттың рухани дамуына, әлемдік өркениетке аса үлкен үлесін қосқан бауырлас тәжік халқымен еліміздің өзара сенім мен достыққа негізделген қарым қатынасы тағы бір мәрте бекемделе түсті. Айтулы іс-шара діні бір, мәдениеті мен дәстүрлері ұқсас, ортақ тарихы бар қос халықтың арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайта түсуге оң ықпал еткені сөзсіз.
ШЫМКЕНТ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫНДА ТҰРАҚТЫ ӨСІМ БАЙҚАЛАДЫ
Среда, 23 Август 2023 07:20Биылғы 7 айда Шымкент қаласының экономикасының барлық негізгі салаларында тұрақты өсім байқалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан хабарлады. Басқарма ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2023 жылғы қаңтар-шілде айларының аралығында өнеркәсіп өнімінің көлемі 574 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,3 пайызды көрсеткен.