Тоныкөк абыз армандаған таң

Вторник, 15 Декабрь 2020 05:13 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 4220 раз

«Әрбір алыс жол нық қадамнан басталады» дейді дана халқымыз. Сондықтан, Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алдында бір ғана ұлы мақсат тұрды. Бұл – көп ұлтты қазақстандықтарды бір жерге топтастырып, елдегі ынтымақты, берекені нығайту, тыныштықты сақтап, бірлікті арттыру еді.

1992 жылы Елбасы Қазақстан халқының форумын өткізді. Бұл басқосуда қоғам қайраткерлерінің, ел ағаларының алдында бір мәселе көтерілді. Ол – елдегі тыныштықты сақтау үшін қандай да бір қоғамдық институт құруымыз керек. Ол институт көп этностың басын топтастырушы фактор болуы тиіс еді. Содан 1995 жылы 1 наурыз күні Елбасының сол идеясымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Оған да биыл 25 жыл толып отыр.
Біз Қазақстанда Ассамблея арқылы ұлтаралық татулықтың қазақстандық моделін қалыптастырдық. Барлық этнос өкілдері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір шаңырақтың астында, бір мақсат, бір болашақ, бір мүдде жолында алға ұмтылуда. Көп ұлтты қазақстандықтар өз Отанының патриоты болуы тиіс. Біз қоғамда осы патриотизмді қалыптастырып, ел үшін, халық үшін, бірлік үшін, Отанның келешегі үшін деп әрбіріміз үлес қосуымыз керек.
Тәуелсіздік күні – ата-бабамыз аңсаған мереке. Тоныкөк абыздың өзі 3000 жыл бұрын түркі халықтарының басын топтастыруды, қазақ халқының бірлігі туралы армандап, жазып кетті. Енді, міне, сол арман орындалып, биыл ел тәуелсіздігінің 29 жылдығын қарсы алып отырмыз.
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан жаңа қадамға нық басады! Тәуелсіздікті, ата-бабаның арманын көздің қарашығындай сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу – біздің, Ұлы дала перзенттерінің аманаты.

 

Икрам Хашимжанов,
ҚР өзбек этно-
мәдени бірлестігі
«Дустлик»
қауымдастығының
төрағасы

Последнее изменение Среда, 16 Декабрь 2020 04:55
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.