Іс-шараның мақсаты – қиын жағдайға тап болған әрбір әйелге психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету. Сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету, ең маңыздысы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, жанжалға тосқауыл қою.
Басқосуда әйелдер кеңесінің мүшелері, полиция қызметкерлері аналарға жан-жақты қажетті кеңестерін ұсынды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, еркін пікір алмасты.
Іс-шара барысында «Бақытты жанұя» орталығында тігіншілік мамандығын меңгерген қыз-келіншектер көрме ұйымдастырып, қолынан шыққан ісмерлік бұйымдарын көрсетті.