ӘЙЕЛ – ҮЙДІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ, ӘЙЕЛ – ПАНА Избранное

Пятница, 18 Август 2023 04:33 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3030 раз

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы» шымкенттік аналармен кезекті кездесуін өткізді. Басқосу «Бақытты жанұя» орталығына қарасты әлеуметтік осал санаттарға жататын аналар арасында ұйымдастырылды.

103

 

Іс-шараның мақсаты – қиын жағдайға тап болған әрбір әйелге психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету. Сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету, ең маңыздысы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, жанжалға тосқауыл қою.
Басқосуда әйелдер кеңесінің мүшелері, полиция қызметкерлері аналарға жан-жақты қажетті кеңестерін ұсынды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, еркін пікір алмасты.
Іс-шара барысында «Бақытты жанұя» орталығында тігіншілік мамандығын меңгерген қыз-келіншектер көрме ұйымдастырып, қолынан шыққан ісмерлік бұйымдарын көрсетті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.